ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВМерекелер

ЖОМАРТТЫҚ САЯЖАЙ ТҰРҒЫНДАРЫ ЖАРАДЫ

Наурыз шуағына оранып, жаздай жадыраған Ащыбұлақ ауылдық округіндегі «Жомарт» саяжайы маңында жыл басы атанған, шығыс елдерінің үлкен мейрамы – Наурыз тойы дүркіреп өтті. Ия, дүркіреп өтті деп, жай айта салуға болмас. Биылғы жылғы мерекенің сән-салтанаты мен оны өткізудің барысынан ұйымшылдықтың лебі байқалып тұрды.
Айта кетейік ауданымызда Ащыбұлақ ауылдық округіндегі 40 жуық саяжай бар. Осы маусымдық мекенді нарықтың қыспағындағы жұрт қазір тұрғылықты орынға айналдырған. Міне бұгін өздерінің ауызбіршішліктерінің нәтижесінде наурыз тойын бірігіп өткізді. Оған арнайы аудан басшысы Бағдат Қарасаевпен аудан әкімшігі аппаратының қызметкерлері, округ әкімінің орынбасары Б. Иманбековте қатысты.
«Жомарт» саяжайының ортасында орнатылған үлкен сахнаның маңына жиналған саяжай жұртының алаулаған жүзінен шалқар шаттықтың шырайын айқын аңғарасың.Мұнда әз-Наурыз тойының құрметіне қаз-қатар ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, мерекелік сахна қойылған болатын. Мерекені атап өтуге қатысқан жұртшылыққа осы киіз үйлер мен сыртқа жайылған дастархандардан ұлттық асымыз «наурыз көже» ішіп, наурыз мерекесіне ұйымдастырылған концерттік бағдарламаны көріп, тамашалауға жағдай жасалған.
Сахна төріне көтерілген аудан әкімі Б. Қарасаев, жақсылық пен жарастықтан, еңбек пен қанағаттан, мейірбандылық пен парасаттан бастау алар – Наурыз мейрамының құтты болуын, өңір тұрғындарын ізгілік пен игілікке жетелеген осынау мерейлі мереке күні қуаныш пен шаттық, дендеріне саулық, отбастарына амандық, берекелі бірлік пен баянды бақыт тілеген құттықтауларын арнады.
Биылғы көктем мерекесі аудан аумағындағы ауылдық округтерде де кеңінен аталып өтіліп, өз жалғасын тауып жатыр. Әр округтерде көшелерді тұрғындарыда бір қазанға наурыз көже жасап, бір қазаннан дәм татты.
Б. ЧОЙБАСОВ

0

Строительство 40- квартирного дома начнется в моногороде Текели

Алдыңғы ақпарат

Семь юных талантов из Жетысу покорили Париж

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *