ЖаңалықтарЗнай нашихҚоғамСпорт

ЖІБЕК — «НАМЫС» ТӨСБЕЛГІСІНІҢ ИЕГЕРІ

2018 жылдың 4 шілдесінде Ауған соғысының қаһарманы, қазақтың «Қара Майоры» Керімбаев Борис Төкенұлының жүлдесі үшін «ҰЛЫ ДАЛА ҚЫРАНДАРЫ» атты республикалық турнир өтті. Сайыста әскер жасына дейінгі балалар әскери ұрыс бойынша өнер көрсетті. Салтанатты шараны Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты ұйымдастырды.
Турнирдің ашылу салтанатына Керімбаев Борис Төкенұлы, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл, Кеңес Одағының батыры Николай Иванович Кремениш, Қазақстан Республикасы және облыстық Ауған соғысының ардагерлер төрағалары қатысты.
Аталған шара өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, отансүйгіштікке баулуға, әскери қызметтің имиджін көтеруге және әскери спортты дәріптеуге негізделген.


Сайыс барысында Қазақтсан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл ағамыз: «Ауған соғысының ардагерлері, жергілікті әскери мекемелердің қолдауымен Еліміздің түкпір-түкпірінде Республикалық турнирлер өткізіп келеміз. Бұған дейін де Ұлы Отан соғысының батырлары Бауыржан Момышұлы, Сағадат Нұрмағамбетов, Әлия Молдағұлова, Николай Иванович Кремениш атында Республикалық турнирлер ұйымдастырған болатынбыз. Елордамыздың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында батыр бабаларымыздың өмірлік ізбасарларын дайындау, аға буын іні буынмен тәжірибие бөлісу, патроиттыққа тәрбиелеп, достық, туыстық, бірлік пен татулыққа шақыру. Әскери қоян-қолтық ұрысын негізге ала отырып болашақ қайсар, жігерлі Отан қорғаушы жауынгерлер дайындау, осындай шаралардың көздейтін басты мақсаты» — деді.
Сондай-ақ, турнир барысында Нұрсұлтан Орынбасаров жетекшілік ететін С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Сағадат батыр» клубының спортшысы, беделді жарыстарда талайды тізе бүктіріп жүрген қазақтың қайсар қызы, биыл сәуір айында Біріккен Араб Әмірліктерінде джиу-джитсудан өткен әлем біріншілігінде чемпион атанған Жібек Құлымбетованы Керімбаев Борис Төкенұлы мен Бақытбек Смағұлов Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» төсбелгісімен марапаттап, «Қара Майор» өз қолтаңбасы мен ақ батасын берді.

«ТӘУЕЛСІЗДІК БЕСІГІ — АСТАНА»

Алдыңғы ақпарат

«БӘЙТЕРЕК» ХОЛДИНГІНДЕГІ ЦИФРЛАНДЫРУ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *