ҚоғамМәдениетРухани жаңғыру

Жетісуда вайнерлер фестивалі өтті

Бүгінде вайн үлгісіндегі бейнероликтердің жастар арасында үлкен қызығушылыққа ие екені белгілі. Түрлі тақырыптар бойынша түсірілетін бейне материалдар қандай да бір мәселені түсінікті етіп жеткізуге арналған. Көбінесе пародияға негізделе отырып жасалады. Әлеуметтік желіде жариялаған сәттен-ақ олардың ел ішінде тез тарап кететіндігі сондықтан.

Алматы облысының көрікті жерлерін көркем сипатта әйгілеу. Өңірдегі табиғаты тамаша өлкелер мен туристік орталықтарға жастарды мейлінше тарту мақсатында аймақтың ішкі саясат басқармасы және «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі заманауи шара өткізді.

Шара ұйымдастырушысының айтуынша, талантты және кәсіпқой вайнерлердің өзара тәжірибе алмасуына, жастардың шығармашылық өсуіне жағдай жасау, жастарды позитивті өнер түріне баулу, қатысушылардың орындаушылық қабілетін нығайту және олардың әлемдік аренаға шығуына алтын көпір болу.

«Шарын, Көлсай, Алтын Емел сияқты ұлттық парктерді жас буынға кеңінен насиғаттау мақсатында сол — жас буынның жұлдыздары шақырылды. Сонымен қатар, Алматы облысының туристтік және сакралды жерлерін Instagram желісі және YouTube видео-хостингісі арқылы қысқа метрлі видеолармен, вайндармен Қазақсандық және ТМД елдерінің көрермендеріне таныстыру»,-деді «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің бөлім меңгерушісі, ұйымдастырушы Ерасыл Толымбекұлы .

Талдықорған қаласында жастармен кездескен отандық «T-jokers», «Jokeasses», «ZhekaFatBelly» «Ratbek» сынды вайнерлер тобының ғаламтордағы аудиториясы 5 млн адамнан асып жығылат.

Қызықты деген бейнежазбалар мыңдаған көрілім жинап қана қоймай, сол роликтердің иелеріне танымалдылық пен табыс әкеледі. Вайнның авторы болу кез-келген адамның қолынан келетін іс. Түсірілім үшін кәсіби техника талап етілмейді. Вайншылар көздеген тақырыбын өз бетінше түсіріп, бейнежазбаны монтаждап, басқалармен бөліседі

«Өзіміздің видеоларымызда біз кейде маңызды әзілдерді қолданамыз. Кейде біздің елімізде бір шаралар өткізілсе, солар туралы өз пікірімізді айтамыз. Сондай-ақ Қазақстанның көптеген көрікті жерлеріне бара отырып, қызықты түсіріліммен халыққа насихаттап отырамыз. Жасалып жатқан туындыларымыз жастарға ұнайтындығы қуантады»,- дейді вайнер Қазбек Бексұлтан.

«АБАЙ ОҚУЛАРЫ»

Алдыңғы ақпарат

ТУҒАН ЖЕРІМ СҮЙІКТІМ, МЕН СЕНІМЕН БИІКПІН

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *