ЖаңалықтарҚоғам

ЖЕТІСУ ЖЕРІ – ҰЛТТАР ДОСТЫҒЫНЫҢ АЙНАСЫ

Жетісу өңірінде бүгінде 49-дан астам ұлттар тату-тәтті өмір сүреді. 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі жыл сайын дәстүрлі шаралар, кездесулер, спорттық сайыстармен әрленеді. Партиялықтар да бұл күнді ерекше толғаныспен күтеді.

28 сәуір күні Іле аудандық партия филиалының ұйымдастыруымен 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мереке-сіне орай өзге ұлт өкілдерін салтанатты түрде партия қатарына қабылдау шарасы өтті.

Партия филиалы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен осы күні 15 өзге ұлт өкілдерін салтанатты түрде партия қатарына қабылдау шарасы ұйымдастырылды. Қабылдау барысында «Нұр Отан» партиясы облыстық фи-лиалы төрағасының орынбасары Нұрқадыров Серік Нұрқадырұлы, Іле аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тұрымбетов Ерболат Сапарұлы, аудандық Саяси Кеңес Бюросы мүшесі, аудандық мәслихат хатшысы Абилова Роза Михайловна, аудандық Саяси кеңес мүшесі, Іле аудандық мәслихат депутаты Шамиев Игнат Ваитович партия қатарына қабылданған азаматтарды құттықтап, сөз сөйледі.

«Біз ұлттар татулығы мен толеранттылықтың діңгегін бұзбайтын, бірлігі мен достығы жарасқан көпұлтты мемлекеттің азаматтарымыз. Көш-басшы партияның қатарында белсенді, ұлтжанды, ел болашағына бей-жай қарамайтын азаматтарды топтастыру біз үшін үлкен қуаныш. Сіздерді нұротандықтардың қатарына қосылуларыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Адал еңбек, саяси белсенділік пен қуаттанып, қабілеттеріңізді қарыштай түсетіндеріңізге сенімдімін», – деді облыстық филиал төрағасының орынбасары Серік Нұрқадырұлы.

Партияға жаңадан қабылданған өзге ұлт өкілдері атынан сөз сөй-леген Іле аудандық қоғамдық кеңес мүшесі Денис Котелевский өз ризашылығын білдірді.

«Мен Елбасының қай бастамасы болмасын әрдайым санамен ғана емес, жүрекпен қабылдаймын. Биылғы жылы халқымызға «5 әлеуметтік бастама» сынды өміршең жобаны ұсынған Ұлт Көшбасшысының көрегендігіне шынайы риза болдым. Ал, бүгін жетекші саяси ұйымның мүшелігіне өткенім, өмірімдегі ұмытылмас белестің біріне айналатынына сенімдімін», – дейді Денис. Салтанатты шара концерттік бағдарлама және естелік фото-суретке түсумен аяқталды.

С. ТҰРЫМБЕТОВ, Іле аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары

0

ОБ ИСПОЛНЕНИИ БЮДЖЕТА РАЙОНА

Алдыңғы ақпарат

ТЕГЕУРІНДІ ТІЛ, МОЛ МҮМКІНДІКТЕР

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *