Қоғам

«Жетісу адалдық алаңында» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды

Облыста жыл басынан бері «Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде 50-ге жуық қоғамдық қабылдау өткен. 200-ден аса азамат өтініш беріпті.

Бүгінде оның 30 пайызға жуығы оңтайлы шешімін тапқан. Біз мұнда халықтың түйіткілді мәселелерін шешіп қана қоймай, түрлі жағдайларға байланысты кеңес береміз, — дейді жоба жетекшісі.

Аманжол Жазықбаевтың айтуынша, тұрғындардың басым бөлігі — мемлекет тұрғын үй қорынан үй алу, жер телімін рәсімдеу сынды өтініш білдіреді. Жалпы, бұл мәселелер адалдық алаңы жобасы аясында кестеге сай жүргізіліп келеді. Осы орайда ҚР әділет министрлігінің кадр қызметі департаменті директорының орынбасары Мақсат Жақсыбаев пен әдеп жөніндегі уәкілі Алма Сыдықова атаулы жобалық кеңседе қоғамдық қабылдау өткізді. Жиында өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы бірқатар сұрақтар қойылды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметші этикасын қалай сақтау қажеттігі жайлы ақпараттандырды.

«Жетісу аймағына келгендегі басты себебіміз, Алматы облысы Әділет департаментінің мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында іс-шаралар жүргізу болып табылады. Қазіргі кезде агенттік екі тарапқа бөлініп, күшейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл бір адамның ғана емес, қоғам болып күресетін жағдай. Сондықтан бұл індетпен күресу әрбір азаматтың борышы деп есептеймін»,-деді ҚР Әділет министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Алма Сыдықова.

Алматы облысы озық өңір атанды

Алдыңғы ақпарат

Талғар ауруханасында заманауи жабдықтар пайда болды

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *