ЖаңалықтарҚоғам

«Жетісу-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі көмір отынмен қамтамасыз ету саласына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізді

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы көмір кен орындарының қоры бойынша АҚШ, Ресей, Қытай, Германия, Украина елдерімен қатар әлемдік көшбасшылардың 10 елінің қатарына кіреді, ал ТМД (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы) елдері арасында 3-ші орынды алады.

Алайда, осындай көрсеткіштерге қарамастан, жыл сайын Қазақстанда жылыту маусымы басталғанда еліміздің барлық өңірлерінде дүрлікпе мен көмір жетіспеушілігі мәселесі орын алуда. Тұтынушылар тек қара отынның жетіспеушілігімен ғана емес, сонымен қатар азаматтардың тарапынан ұсынылатын көмірдің сапасына қатысты көптеген сұрақтар туындайды.

Осы бағытта, «Жетісу-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселені зерделеп, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментімен, Алматы облысы бойынша арнайы мониторингтік тобының мүшелерімен Алматы облысында көмір отынымен қамтамасыз ету саласына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг шеңберінде келесі мәселелер қарастырылды:

1. Көмірдің жасанды тапшылығы және монополиялық сөз байласу;

2.Тұйықтарда және жеке тасымалдаушыларда кассалық аппараттың болмауы, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларды жүргізу;

3. Таразы жабдығына құжаттардың болмауы;

5. Көмірді ескі тасумен (қоқыспен) немесе көмірдің басқа да сорттарымен араластыру;

6. Сатып алынған көмірдің салмағы аз болу жағдайлары

Мониторинг барысында «Жетісу-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Алматы облысында жылыту маусымының басында облыс тұрғындары үшін көмірдің бір тоннасы үшін орташа бағасы 13 200 мың теңгені құрағанын анықтады.

Темір жол қатынасы жоқ Алматы облысының аймақтарында көмір жақын тұйықталған автомашиналармен жеткізіледі, бұл да жеткізілетін көмірдің бағасына әсер етеді. Мұндай өңірлерде баға 19-22 мың теңгеге жетеді.

Бұдан басқа, көмір тұйықтарында көмір бағасын арттыратын делдалдар байқалады. Делдалдар жылыту маусымы басталғанға дейін жанданды: олардың көмегімен көмір бағасы ұлғаюда, сонымен қатар көмір саудасын биржаларға ауыстырғанымен де көмектеспейді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг аясында «Жетісу-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі «Жасырын сатып алушы» әдісі арқылы көмірді бақылау сатып алуды жүргізді, сондай-ақ Алматы облысы тұрғындарынан келіп түскен өтініштерді зерделеді.

Бақылау сатып алу барысында, жасырын сатып алушы Талдықорған қаласында 4 тонна көмір сатып алды, көмірдің салмағын басқа таразыларда тексергеннен кейін сатып алынған көмірдің салмағы 3.700 кг болып шықты. Яғни, сатып алынған көмір салмағынан 300 кг.аз болып шықты.

Айта кету керек, бұл тек бір ғана факті емес, «Жетісу-адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне жүргізілген жұмыстар аясында Талдықорған, Үштөбе қалаларының тұрғындары аталған мәселе бойынша жүгінді.

Сонымен қатар, «Жетісу-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі әлеуметтік желілер мониторингін жүргізді. Мониторингпен анықталғандай, облыс тұрғындарының бірі көмірді қоқыспен араластырып жатқан туралы бейнеролик жіберді, кейін бұл бейнеролик Алматы облысының тұрғындары тарапынан жағымсыз эмоциялар тудырды.

«Жетісу-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Аманжол Жазықбаевтың айтуынша, бүгінгі таңда көмір тапшылығы қолдан жасалып жатыр, сонымен қатар азаматтар сатып алынған көмірдің жетпеу фактілеріне тап болып отыр, өз кезегінде мұның барлығы тиісті мемлекеттік органдар тарапынан бақылаудың артта қалғанын көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментінде атап өткендей, бүгінгі таңда қазақстандық биржалық сауданың қолданыстағы ережелері кейбір сенімсіз делдалдарға көмірді жоғары бағамен сатуға мүмкіндік береді, бұл ақыр соңында қарапайым азаматтарға теріс әсер етеді.

Осылайша, бүгінде еліміздің көптеген өңірлерінде көмір бағасы делдалдық құрылымдардың әсерінен қалыптасады. Яғни, бастапқыда көмір шағын баға бойынша сатып алынады, ал қара отынды делдалдар сатқанда және разрездерге (қоймаларға) жеткенде бағалар екі – үш есе, ал кейде одан да жоғары көтеріледі. Аталған мәселелер осы бағытта жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бар екендігін куәландырады.

Осыған байланысты, бүгінде республикалық деңгейде көмірді алғашқы көтерме сатып алу кезінде толық ашықтықты қамтамасыз ету қажет. Бұдан басқа, делдалдар мен өзге де тұлғалардың жағымсыз іс-қимылдарына алып келетін ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында көмір сатып алудың қолданыстағы ережелерін қайта қараған жөн. Көмірді сатып алу процедурасының өзінде көптеген сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар, бұл қатысушылар арасындағы уағдаластық, тұлғалардың үлестес болуы және тағы басқалар.

Өз кезегінде, қолданыстағы ережелерді өзгертуі көмірді тұтынушылар үшін түпкілікті бағаларды қалыптастыруға делдалдардың әсерін болдырмауға мүмкіндік береді.

Жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде «Жетісу-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі тиісті мемлекеттік органдардың өкілдері қатарынан, сондай-ақ қоғам өкілдерімен облыста көмірді сату жағдайына мониторинг жүргізу бойынша арнайы жұмыс тобын құрды.

Аталған топқа табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің, Алматы облысы бойынша полиция департаментінің, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, Алматы облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының өкілдері, облыстық техникалық реттеу департаментінің мамандары, «Нұр Отан» партиясының мүшелері және қоғам өкілдері кірді.

«Жетісу-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде атап өткендей, бүгінгі таңда осы бағыттағы жұмыс жалғасуда және тиісті ұсыныстар мен жүргізілген жұмыстың қорытындылары тиісті уәкілетті мемлекеттік мекемелерге жіберілетін болады.

Алматы облысында гендірлік зорлық-зомбылыққа қарсы жиын өтті

Алдыңғы ақпарат

Алматы облысында ардагерлер арасында воллейболдан турнир өтеді

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *