ЖаңалықтарҚоғамТұлға

ЖЕМІСТІ ЕҢБЕКТІҢ КЕМЕЛДІ КЕЗЕҢІ

Жап-жазық кең дала ұршықша үйіріліп, шыр айналып артта қалып жатыр. Небір биік тауларды басып озып, кейінге қалдырған поезд жүрісі бір қалыпты ырғақта келеді. Темір рельстің белін майыстырып, зулап жүйіткіп келеді. Қызылордадан шыққан поездың бағыты Самарқант қаласы. Бала кезінен әкесі Ысқақпен бірге сапарға шығып үйреніп алған. Поездің терезесінен қазақтын кең байтақ даласын тамашалауды әдетке

айналдырған. Бұл тұлға бүгінде Іле ауданының беделді мүшесі болған Қарабалина Қалдыгүл Ысқаққызы еді. Кішкене күнінен осындай табиғаттың сұлу келбетін тамашалап өскен кісі «қазір де саяхатқа шыққанды жаным сүйеді» дейді.

Қызылорда облысы Шиелі ауданында 1958 жылы 10 сәуір күні дүниеге келген. Теміржолдың №339 орта мектебінде орыс сыныбын оқып бітіреді. Кейін Жамбылдың технологиялық университетінде экономист мамандығын оқып, 1980 жылы бітіріп шығады.

Оқу орнында жақсы оқыған студентердің қатарында жүрген. Жамбыл облысында оқығандықтан болар ол жердің де екінші үйіндей болып кеткенін айтты.

 

Оқу орнын тәмәмдаған соң жұмысқа жолдама Алматы қаласына беріледі. «Қуанышымда шек жоқ болды. Ең алғаш Алматыға 14 жасымда әпкеме қонаққа келгенмін. Сол кезде қаланың көп-көңбек болып ағып жатқан арығы мен жайқалып өскен жемістеріне ғашық болдым. Сонда осы жерде тұруды армандаған едім. Сол арманым орындалды» деп күліп алды. Мемлекеттік қызметте 37 жыл жұмыс істеген. Егемен елімізге еңбегін сіңірген азаматша деп айтсақ артық кетпеспіз. Қалдыгүл апай атқарылған қызметіне барынша ұқыптылықпен әрі үлкен жауапкершілікпен қарады. Әрбір ісінде ешбір кемшілік кездеспейді.

Жылы жүзді, кісіні бауырына тарта сөйлейтін осы бір ізгі жан өз бойынан жақсы қасиетті аңғартады. Бұл қасиет – жақсыға жанымен араласу, жаманға қиналу, осының бәріне жеңіл беріліп кету емес – адамшылық жағымен қосылу сынды мінезі еді. Қазіргі жаңа кәсібін ашқан. Оған жарты жылдай болып қалды. Осы іспен өзінің айналысуына себеп болған жағдай 15 жылдай бұрын біраз сырқаттанып қалуы еді. Ресейге барып, «Amway» компаниясының өнімдерімен емделіп келеді. Енді кішігірім жеке кеңсесін ашып, бизнеспен айналысуда.

Жолдасы Қанатпен 1984 жылы тағдырдың жазуымен отбасы құрады. 1989 жылы Дина деген қызы және 1990 жылы Мұрат деген ұлы дүниеге келді. Қаптығай өмірдің небір қиыншылықтарын басынан өткізді. Өмірдің заңы өте қатал. Егер сәл осалдық көрсетіп, еңсеңді төмен түсірсең болды, жұмыр басты, екі аяқты алланың пендесі екен деп сені аямайды. Жалп еткізіп, қаңбақша ұшырады. Қалдыгүл апай да осындай бір дауылды кезеңді басынан өткерді. Ұлы Мұрат дүниеден ерте озды. «Балам өмірде тек елдің алдында жүруші еді, сол да тіл-көз болып жабысты ма деймін» деп ішіне түскен қайғысымен бөлісті. Сол бір қиын кезеңде туыстары, қайын-жұрты, достары оның қасынан табылды.

«Адамның шыр айналып шықпайтын алтын қазығы – отбасы болса, ештеңемен өлшенбейтін байлығы – достары» демекші, Қалдыгүл апай өз достарымен бас қосқанды жаны жақсы көретінін айтты. Өзі Қызылорданыкі бола тұра Жамбылда оқып, кейін Алматыда жұмыс жасағандықтан достары да жан-жақтан. «Бір басымыз қосылса, той-думан

жасап жібереміз» – дейді. Бос уақытында гүл өсіреді. Сонымен қатар, үй шаруасымен айналысады. Түрлі ас мәзірлерін даярлағанды ұнатады екен.

Жалпы Қалдыгүл Ысқаққызы қонақжай да, көпшіл адам. Құдай қосқан жары Қанаттың ата-анасын ерекше сыйлап, келіндік қызметін көрсетті. Өз төркіндеріне де бауырмал.

Бүгінде Европаның көп қалаларын аралаған. Ал студент кезінде озат оқығандықтан Халықаралық лагерге барған. Сонда Азияның көп елдерінде болып келген. «Туған жердің қадірін шет елге барғанда білесің!», демекші қанша жерге барсам да еліме, жеріме жетпейді дейді өз сөзінде.

Қалдыгүл апай – ауданызға құрметті, ардақты жанның бірі. Алғаш көргеннен жылы жүзбен қарсы алып, қонақжайлық танытатын Қалдыгүл апай 10 сәуір күні 60 жасқа толды. Өмір жолында еңбексүйгіштік, қоғамдық белсенділікпен ерекшеленіп келесіз. Бұл жылдар сіздің қоғамдық және жемісті еңбегіңіздің нағыз кемеліне келген кезең болды. Қоғам игілігіне бағыттап отырған ерен еңбектеріңіздің еліміздің нығаюына өзіндік үлесі бар. Өзіңізге және отбасыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тілеймін! Шығар шыңдарыңыз әрқашанда биік болғай.

А. САТЫМХАН

0

ДИАЛОГ МАЖИЛИСМЕНА С БОРАЛДАЙЦАМИ

Алдыңғы ақпарат

ЛИШЬ ТОТ СУДЬБОЮ ОДАРЕН СЧАСТЛИВОЙ, ТОТ РАДОСТЕН, ЧЬЕ СЕРДЦЕ СПРАВЕДЛИВО. Альбукасим Фирдоуси

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *