Мерекелер

ЖЕҢІМПАЗ ҚАҺАРМАНДАРҒА МЫҢ ТАҒЗЫМ!

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, жерлестер!
Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, аға буын өкілдерінің, біздердің әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан қасиетті соғыс болса, Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке.
Бұл – аға буынның жанқияр ерлігі мен еселі еңбегінің жеңісі. Қаһарман қайсарлықтың хас үлгісін көрсеткен қайтпас рух пен жалынды жігерлерінің жемісі.
Елбасымыздың: «Қайсарлық пен қаһармандық, Отанға деген сүйіспеншілік аса қатыгез сұрапыл соғыста Жеңіске жол ашты» деп айтқанындай, жеңіс пен жетістік ұғымдары еліміздің даму қарқынымен қашанда қанаттас келеді. Осынау бейбіт өмірге жеткізген ардагерлерімізге амандық тілейміз!
Құрметті ардагерлер, біз Сіздер сияқты жеңген, жеңімпаз әкелердің ұрпағы екенімізді әрдайым мақтан тұтамыз.Біз сіздердің сол сұрапыл соғыстан аман шығып, бүгінгі ұрпақты береке-бірлікте, тату-тәтті тірлікке тәрбиелеу ісіне атсалысып жүргендеріңізді мақтан етеміз.
Құрметті аудан тұрғындары!
Біз жеңімпаз қаһармандарға сөзбен ғана емес, нақты іспен де құрмет көрсетуге, соғысқа қатысушылар мен тыл еңбеккерлерін күнделікті қамқорлыққа бөлеуге, оларға көңіл бөліп, жайлы тұрмыс жағдайларын жасауға шақырамыз.
Құрметті ардагерлер, Сіздерге денсаулық, отбасы амандығын, тілеймін!
Ұлы Жеңіс күнімен, қымбатты ардагерлер!

Б.ҚАРАСАЕВ, аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы

0

Динара Сәтжан: Қазақ кәсіпкерлері туралы Қазақстанда кітап өте аз

Алдыңғы ақпарат

БІРЛІГІМІЗ ЖАРАССА, АЛАР АСУЫМЫЗ АЛАСА

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *