ЖаңалықтарҚоғамМерекелер

ЖАУЫРГЕР ЖАСАМПАЗ ЖАН

Жетіген ауылындағы өзі негізін қалап, талай жыл қызмет еткен әкімшілік ғимаратында, ауданымызға танымал тұлға, өз ісінің маманы, абзал азамат, Социалистік еңбек ері, Ұлы Отан Соғысының ардагері, білікті ұйымдастырушы, қоғам және мемлекет қайраткері — Құдайбергенов Жексембек Ембергенұлының 100 жасқа толу мерейтойына арналған жиын өтті. Бүгінгі күні атамыздың жүріп өткен дара жолын жастарға үлгі, ерлігін еске алу мақсатымен Жетіген ауылдық округінде әкімдік алдында және №11 мектепте көлемді шара ұйымдастырылды.

Жексембек атамыз халықтың тыныштығы мен бақытты өмір үшін күресті еңбек етті. Жексембек Ембергенұлының 100 жылдық мерейтойына арналған митингте алғаш сөз кезегін алған Жетіген ауылдық округінің әкімі Әбілев Нұрлан Әбілұлы өз сөзінде: «Бұл соғыс қаһарманы ғана емес, онымен бірге жарқын да жалқы, қайта тумас азаматтың бейнесі. Ерлігі, қажыр-қайраты, қорқу не үркуді білмейтін көзсіз батылдығы, туралығы мен адалдығы жөнінен тағы да сегіз қырлы болды деу керек. Алмас қылыштай өткір де қайсар, «сөз қадірін өз қадірі, өз қадірі ел қадірі» деп бағалаған айбынды азамат деп бағалаймыз» -деп айтты.

Сонымен қатар, аудандық мәслихат депутаты Тұрымбетов Ерболат Сапарұлы, Жетіген ауылдық округінің тұрғыны ақсақалы Мұсабеков Қанапия, Құдайбергенов Жексембек Ембергенұлының туысы Қаспақбаев Қабікен сияқты азаматтар сөз сөйлеп өз естеліктерімен бөлісті. Жетіген округі бойынша аудандық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Атчиев Құрманжан Жексембекұлы: Еңбек ерлерін сағыныштан еске аламыз. Сұрапыл соғыстан келгенде аянып қалмей ел дамуына аямай үлес қосты. Жетіген ауылының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Құдайбергенов Жексенбек ауданымыздағы үш Соцалистік Еңбек ерінің біреуі. Көзі тірі болғанда батырымыз 100 ге келер еді. Ер азат, еңбек, ерлік, ел көрікті, еңбектің өрнегімен жер көрікті- дей келе гүл шоғын қою рәсімін өткізді. Осы шараға орай әкімдік ауласына бар жиналған қауым талдар отырғызды. Бұған кішкентай баладан бастап үлкен қарияға дейін атсалысты.

«Өмір өзен» демекші, атамыздың сырғып өткен өмір жолында ел намысын, ұлт мүддесін қорғай білді. 1940-1946 жылдары Мәскеу әскери округінде көптеген ұрыстарға қатысып, алдыңғы қатарлы жауынгер болды. Соғыстағы жақсы көрсеткіштері үшін офицер атағына ие болып, еліне аға-лейтенант шенінде оралды. Бұл бір ғана кейіпкердің дара жолының қайта тумас азаматтық ерлікке толы үлгілі, саналы ғұмырының көрсеткіші деп білеміз.

Бүгінгі таңда есімі ауылымыздағы бір көшеге беріліп, №11 мектебінде ол кісінің атындағы екі кадет жас жауынгерлер сыныбы ашылған. Осыған орай кадетке жалау тапсырылып, жас жауынгерлерге төс белгі тағылды. Мұның соңы концертттік бағдарламаға ұласып кетті. Өнерпаздар жиынның көркін кіргізіп, «Элегия» ансамблі шарықтата ән шырқап, көрермен көз айымына айналды. Осындай ерлігімен елге танылған азаматтарымыз көп болғай!

Жексембек Құдайбергенов атамыздай шежіресі бай адамды үлгі ете отырып, ерлігін әрқашан мақтан етеміз!

Айжан БЕКМҰРАТҚЫЗЫ

0

ДВА ФРОНТА — ОДНА ПОБЕДА

Алдыңғы ақпарат

САҒЫНТЫП ЖЕТКЕН ҰЛЫ ЖЕҢІС!

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *