ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВҚоғамРухани жаңғыру

ЖАТ ПИҒЫЛДАН ЖЫРАҚ ЖҮРЕЙІК

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында айтылған өзекті тақырыптарды көпшілікке ұсынып, кеңінен тарқату, мемлекеттік идеологияны қолдау, жаңғыртуға бағытталған құжат тұжырымдамасы аясында. Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен әлеуметтік тапсырыс бойынша «Болашақ» үкіметтік емес ұйымының ұйымдастыруымен «Рухани керуен» жобасының «Дін және мемлекеттік саясат» атты тақырыпта Жетіген ауылындағы 65229 әскери бөлімінде бөлім сарбаздарымен кездесу өткізілді.

Оған әл-Фараби атындағы ҚҰУ профессоры, тарих және қоғамдық академиясының академигі, ішкі істер министрлігінің ардагері, полиция полковнигі Ә.Т.Нұрпейіс, Жетіген ауылындағы №3 орта мектептің директоры С. Нұрғисаева, 65229 әскери бөлімінің тәрбие және идеологиялық жұмыстарын жүргізуші, майор А. Норбаев, әлеуметтік азаматтық базис «Болашақ» ҚБ төрайымы М. Бекходжаева, Жетіген ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы К.Зульярова, ауыл имамы Н.Қияс және әскери бөлімнің офицерлері мен жауынгерлері қатысты. Кездесудің мақсаты: әскери қызметкерлерді әлемде және елімізде болып жатқан діни процестермен және әртүрлі радикалды діни ағымдар туралы ақпараттандыру, қоғамда террористік және экстремистік идеологияның таралуына жол бермеу бойынша жұмыстардың формалары мен әдістерді түсіндіру. Сонымен қатар, кездесу барысында елімізде соттың шешімімен тыйым салынған экстремистік ұйымдар туралы толық ақпарат берілді. Дәстүрлі емес діни ағымдар жастардың санасын қалай улайтыны және осы арбаудан қалай арылу жолдары туралы тереңінен айтылды. Басшыға және жарғыға бағыну қағидаларын ұстану жайлы толыққанды баяндалды. Жат пиғылды діни ағымдардың төзімсіздік қасиетінің салдарынан еліміздің тұрақтылығы мен бірлігіне нұқсан келтіретіні баяндалып, іс-шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

 

Бағдат ЧОЙБАСОВ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы шықты

Алдыңғы ақпарат

ГЕНДЕРЛІК САЯСАТТЫҢ МАҢЫЗЫ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *