Без рубрики

ЖАСТАРҒА ХАЛЫҚ РИЗА

2020 жыл – еріктілер жылы

                              

      Еліміздегі төтенше жағдайға баланысты  Алматы облысы, оның ішінде Іле ауданы да карантинге жабылды. Аудан аумағында сақтық шаралары күшейтіліп, адамдардың көшеде себепсіз  жүріп-тұруына шектеу қойылды.  Алайда,  медицина,  ішкі істер саласы қызметкерлері сияқты ауданның  жастар  ресурстық  орталығы  мен еріктілер де бастарын қатерге тігіп,  Іле ауданы әкімдігінің көмегімен үй-үйді аралап,  тұрақты жұмысынан немесе табыс көзінен айырылған  жандарға,  көп балалы және  тұрмысы төмен отбасыларына,  жалғыз басты аналар мен  қарттарға,  мүгедектерге  демеушілер  тарапынан  берілген азық-түлік себеттерін таратып жүр.  Бұдан басқа осы уақытқа дейін кәсіпкерлер атынан көмекке мұқтаж жандарға 2000 нан астам азық-түлік себеттер мен 5 мыңнан артық   бетперде таратылды.  Сонымен қатар «Pana ume» еріктілер қорының демеушілігімен 60 ,  «Arkaz invect» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің көмегімен 3000 отбасыға  азық-түлік себеті дайындалып,  таратылуда . Бұл мақсатта жастар мен 100 ден аса  еріктілер  уақытпен  санаспай  белсенділікпен  жұмыс  атқаруда.

     Елімізде осындай сынақты кезең болып , халық сары уайымға салынып жүргенде жастардың қарап  отыруына  болмайды, — дейді бізбен  әңгімесінде  аудандық жастар ресурстық орталығының  басшысы  Айдар Рақымжанұлы Әбдрахманов. – Біз тек азық-түлік, бетперде таратып қана қоймай, шамамыз келгенше адамдармен сөйлесіп, оларды   сабырға шақырамыз. Жақсы ойларымыз бен тілектерімізді айтамыз.  Жастардың үлкендерге ақыл айтқаны жараспайды. Дегенмен де «Жақсы сөз — жарым ырыс»  дегендей  барған үйлерімізге жағымды жаңалықтарды, игі істерді хабарлаймыз. Кейбіреулерінің әлде бір затқа, дәрі-дәрмекке деген өтініштерін де жерде қалдырмай сұрағандарын апарып беруге тырысамыз.  Біздің қатарымызға «Іле жүрегі»  атты  еріктілер  клубы  мүшелерінің қосылғандығы  тіптен  жақсы болды.  Бірлесе біраз жұмыстарды атқарып жатырмыз.

    Баршамызға мәлім болғандай коронавирус инфекциясын жұқтырғандар біздің ауданда да тіркелді.  Осыған  байланысты  Өтеген батыр кентіндегі карантинге жабылған үйдегі бекетте жастар ортылығының мүшелері мен еріктілер де белсенділік танытуда.  Жастар  тәулік бойы кезекпен жұмыс істеп, мұндағы сақтық шаралары тәртібінің бұзылмауын қадағалауда. Ал, еріктілер  сол үй тұрғындарына азық-түлік,  дәрі-дәрмек  әкеліп   беріп,  күл-қоқыстарды шығаруда. Осылайша,  жастар мен еріктілер  аудан әкімдігі , жергілікті  округ әкімдіктері мен тәртіп сақшыларына қолдан келген көмектерін аямай көрсетуде.  Жалынды жастар бар жерде белсенді  жұмыс  бар.  «Жас келсе-іске»,-деп бекер айтылмаған ғой . Жастарымыздың, еріктілердің   қиын-қыстау күндердегі  еңбегіне   халық  алғысын айтуда.

                                                РОЗА АЙДАРБЕКОВА

0

Вниманию жителей Алматинской области!

Алдыңғы ақпарат

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *