ЖаңалықтарҚоғам

Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу

Жетіген округіне қарасты Жаңарна ауылындағы №35 орта мектепте, Жетіген ауылындағы №11, №3 орта мектептерінде «Жетіген ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-мен құрылған жұмыс тобымен  Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында жиналыс болып өтті.

Жұмыс тобы аппараттың жетекші маманы А.Бозжанқызы, аппараттың бас маманы А.Жақсылық, Жетіген ауылының бас имамы Б.Жаңабаев, ауылдық ақасақалдар кеңесінің мүшесі О.Тоқымбаев, жаспөспірімдер инспекторы А.Кашкенов, Жетіген ауылдық округінің ауруханасының психологы А.Баймуханмен құрылды.
Жиналысқа мектептің жоғары сынып оқушыларымен бірге мектеп басшылары да қатысты. Жиналыста екі мәселе бойынша сөз қозғалды: біріншісі, қоғамға қауіпті дерттер саналатын есірткі, шылым, нашақорлық тақырыптары қозғалып, оның әкелер зардабы да сөз етіліп, презентациялау арқылы жұмыс тобы бұл тақырыпты оқушыларға жеткізе білді. Екінші тақырып қоғамдағы жасөпірімдер арасындағы болып жатқан ҚР Қылмыстық кодексінің 120, 121, 122, 123,124,191 баптарына түсініктеме беріліп, жадынамалар жасалынып, таратылды. Оқушылар және мектеп басшылығы тарапынан бұл жиналыстың маңызды болғанын айтып, жұмыс тобына рахмет айта отырып, осындай шаралардың көп болуын айтып ұсыныс жасады. Жұмыс тобымен мұндай шаралар әлі де өз жалғасын табады.

0

Кітапхана ісінің үздігі

Алдыңғы ақпарат

ТЕМІРЖОЛДА САҚ БОЛ!

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *