Қоғам

ЖАС ҰРПАҚ ПАРАСАТТЫЛЫҚ ҚОЛДАЙДЫ

Көкшетауда «Antikor ortalyǵy» сервис ғимаратының алаңында «Ақмола — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша аймақтық ақпараттық-ағартушылық штаб мүшелерінің және қаланың белсенді жастарының қатысуымен кездесу өтті.

Кездесуге қатысушылармен бейресми әңгімелесу барысында «Ақмола — адалдық алаңы» басшысы, Ақпараттық-ағарту штабының мүшесі Самира Тайтенова облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік ұйымдармен және жұртшылықпен бірлесіп Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында өткізілетін іс- шаралар туралы айтып берді.

Мәселен, өткен жылы облыс аумағында жобалық кеңсе тұрғындардың, еңбек ұжымдарының және қоғам өкілдерінің қатысуымен 2,5 мыңнан астам осындай іс- шаралар ұйымдастырды. Апта сайынғы негізде жобалық кеңсе алаңында аймақтық мемлекеттік органдар басшыларының азаматтарды қабылдауы өтеді, сондай-ақ олардың қатысуымен әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфир өткізіледі. «Ақмола-адалдық алаңы» аясында «Саналы ұрпақ», «Адал ұрпақ», «Бизнесті және инвестицияларды қорғау» жобалары және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша басқа да бастамалар іске асырылуда.

Сондай-ақ, кездесу барысында спикерлер өткен жылдың қараша айында Департамент жанынан құрылған Ақпараттық-ағартушылық штаб халықпен сындарлы диалог құру және парасаттылық қағидаттарын насихаттау мақсатында тұрақты негізде кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін айтты. Штаб қызметі барысында 4300-ден аса адамды қамти отырып, 40-тан астам іс-шара ұйымдастырылды. Штаб мүшелері аумақтық департаменттерде, облыстық басқармаларда, әкім аппараттарында, медициналық мекемелерде, «Көкшетау Жылу» кәсіпорнында, «Қазақтелеком» АҚ және «Тыныс» АҚ филиалдарында мен басқа да ұйымдарда ақпараттық-ағартушылық кездесулер өткізді. Сонымен қатар, облыс аймақтарында көшпелі кездесулер де жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, өңірдің жастар қозғалысының белсенділеріне «Біздерге байлық емес, әке керек, біздерге байлық емес, бала керек!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықты қабылдамауға бағытталған бейнематериал көрсетілді.

Белсенді әңгімелесу сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу шараларын жетілдіру және парасаттылыққа, адалдыққа, сатылмаушылыққа тәрбиелеу бойынша пікірлер мен ұсыныстармен еркін алмасуға ықпал етті.

 

0

ТӘРБИЕ БЕРУШІ ҚҰРАЛ

Алдыңғы ақпарат

ЗАҢГЕРДІҢ КӨМЕГІН ТЕГІН АЛУ – БҰЛ МҮМКІН!

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *