ЖаңалықтарЗнай нашихҚоғамСпорт

ЖАС ДЗЮДОШЫЛАРЫМЫЗ ЖАРАДЫ

Алматы облысы, Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт комплексінде, дзюдодан 2003-2008 жылғы жасөспірімдер арасында өткен ашық турнирінде Жәпек батыр ауылының жас дзюдошыларының жұлдызы жанып, қоржындарын жеңістің жүлдесімен толтырып келді.

№4 орта мектепте оқитын Мерей Дәулетхан 23 келі салмақта өнер көрсетіп, бас жүлдені иеленсе, 35 келіде Ақан Ботамбай мен 26 келідегі Әрсен Елемес ІІ-орын алды. Осы додалы кездесуде 50 келі салмақта қарсыластарына ерекше қарсылық көрсеткен №36 орта мектептің шәкірті Әзизбек Кемалдинов ІІІ-орынды місе тұтып, еліміздің Әнұранын шырқатты. Жеткіншектер енді ересектер арасында бағын сынайтын болады.

Жетісулықтарды елең еткізген дзюдошылар жарысы туралы жеңімпаз жас дзюдошыларды жаттықтырушысы Әсет Жолдыбаев: «Қарсыластарының қай-қайсысы да осал болған жоқ». Шәкірттерім намысты қолдан бермеуге тырысып бақты, барын салып күресті. Сенімімді ақтаған шәкірттеріме алғыс айтамын, әсіресе маған сенім артқан ата-аналарына ерекше рахмет айтамын. Өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануға менімен бірге атсалысып жүр. Жер жәннаты Жетісудың дәл ортасындағы Көксу елді мекенінде еліміздің Әнұранын асқақтатып, Көк Туын желбіреттік. Өте қуаныштымын. Ендігі ең үлкен мақсат болашақта Олимпиада шыңын бағындырып, тәуелсіз қазақ елінің көк туын Олимпиада төрінде желбірету, – деді ағынан жарыла.

Айта кетейік, Жәпек батыр ауылында арнайы спорт сарайы жоқ. Десе де Е. Байдалов, Ә. Жолдыбаев сияқты ауылына жанашыр жаттықтырушылар өз күштерімен ауыл ішінде тұрған бос ғимарат тауып, жалдап, жас дзюдошыларды тәрбиелеп отыр. Нәтижесінде 50-60 бала салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақыттарында дене шынықтыру тәрбиесімен айналысып келеді. Ауыл тұрғындары біз осындай жанашыр азаматтардың арамыздан шығып, игі іспен айналысып отырғандарына ризамыз деп отыр.

 

Бағдат ЧОЙБАСОВ

МИР, ДРУЖБА, СТАБИЛЬНОСТЬ  –ЭТО НЕ ЛОЗУНГИ, А ПУТЬ К УСПЕХУ  ГОСУДАРСТВА! Так считает делегат ХХVI сессии Ассамблеи народа Казахстана Сакид Чатуев.

Алдыңғы ақпарат

ҮМІТ СЫЙЛАҒАН САУЛЕ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *