ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВДенсаулықЖаңалықтарҚоғамМЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ

Жарақаттар және алдын алу шаралары

Жол жүру ережелерін ұстанғанда, адамдардың денсаулығына жауапкершілікпен қарағанда, жол-көлік оқиғалары, суға бату, күйіп қалу, құлау, улану, тоқтан жарақат алу, үсу сияқты жағдайлар болмайды.
Жасөспірімдер, жастар арасындағы жол-көлік жарақаттануларының алдын алуға болады: көлікті алкоголді ішімдік тұтынғанда жүргізбеу, велошлем, мотошлем, қауіпсіздік белбеу және балаларға арналған креслоларды қолдану.
Суға түсуге тыйым салынған жерлерде жүзе алмайтын жағдайда шомылғанда суға батып кету жағдайларының жиі болуына әкеледі. Суға батудың алдын алу үшін жүзе білу қажет, қорғану құралдарын қолдану қажет.
Күйіп қалу тұрмыста болып жатады. Ыдыс тазалайтын ерітінділер мен бояуларды балалардың қолы жетпейтін жерлерде арнайы контейнерлерде сақтау қажет, фейерверктерді қолданғанда бетке, кеудеге жақындатпау қажет. Отты, электрқұралдарын қолдану үшін қауіпсіздік ережелерін ұстану қажет. Электр сымдарына қолжетімді болмау қажет.
Аяз күндері төменгі температура әсерінен үсу болады. Далаға шығар алдында тамақтану керек, денеге аяз тиетін бөлігін азайтуға тырысып киіну, құлақты жауып тұратын бас киім кию, аяқты жылы қалыпта ұстау қажет, басты жуып далаға шықпау қажет.
Құлау сатыдан, алтыбақаннан, қорғауы жоқ баспалдақтардан болады. Қыста аязда мұзды жерлерде, жазда құдыққа, люкке құлау болады. Құлаудың алдын алу үшін өкшесі жоқ, табаны қалың, сырғанамайтын аяқ киім кию, қадамды асықпай, нық басу қажет.
Тоқтан жарақат алу адамның өліміне әкелуі мүмкін. Бұзылған тоқтың сымынан, жұмысы бұзылған электр сымынан, электр құралдарынан тоқ соғуы мүмкін.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кіреді алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету жатады.

Н.Утембаева
Салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері
Іле аудандық орталық ауруханасы

Дене белсенділігі денсаулыққа зияны жоқ

Алдыңғы ақпарат

Питание школьников

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *