Қоғам

ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Қазыналы көкжиектің қырлары қолдан сусып бара жатқан уақыт сықылды үзілмес қозғалыста болады. Көп ұзамай оралмасқа кететін жаңа таңдардың арайлы жүздеріндегі күн жанары жас жүректерді әлдилеп, арман артынан аяңдап басуға шақыратындай көрінеді. Өмір ағынының небір қиындығы мен ауыртпалығынан өтетін адам бір емес, жүз рет құлап, мың рет қайта тұруы тиіс.
Адамзаттың тағдыры ғасыр жүгін көтерген әлем толқынында көсіле жырланады. Міне, дәл сол толқынның қайда және қалай апаратынын адам білмесе де, оның бағытын өз басшылығына алып, «болашақ» кемесін жүрегі қалаған ғаламаттарға дәлдеуі әбден мүмкін. Ұлы адамдар өзінің ескерткішінің тұғырын өзі орнатады, ал мүсінін болашақ соғады. Жастық шақ қазіргісін ғана ойласа, кемел жас бүгінгісін де, бұрынғысын да, болашағын да елеусіз қалдырмайды. Өскелең өзгерістерге, бұрын- соңды болмаған ерекшеліктерге толы заман жастардікі. Бұл тұжырым даусыз қабылданса да, заман қандай жастардікі деген сұраққа толыққанды жауап беру қажет. Желбуаз, даурықпа жастардікі емес, өнімді еңбек иесі деп танырлық өнерлі де өнегелі жастардікі. Жарқын болашақ есігін ашуға лайықты қажырлы да қайратты, ойлы да білімді жас жападан жалғыз өзі дерлік, қазақ халқының рухани мәдениетінің көтерілмеген тыңын игеруге, қазақ халқының үні өшуге айналған белгілі бір ағымына жан бітіруге, оның да жаңа жасаң мәдениетін туғызудың жолдарын іздестіруге бірден- ақ кірісіп кетуге дайын тұрары хақ. Айтып отырған лайықты жастардың қайсысын алсақ та, өте бір елеулі, ерекше мағыналы мәселелерді қозғайды. Оны қозғай алған жастың заман біздікі деуге, жалпы жастар атынан сөйлеуге де әбден қақысы бар.
Елімізде кеудесіне бағасыз білім ұялатқан жастардың бәсекелестік аясында қабілетін жоғарылатуына бағытталған көптеген бағдарламалар, іс-шаралар жүргізілуде. Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтулы шараларда алдымен жастардың ой-пікірлері мен ұсыныстарын байыппен тыңдап, соның арқасында әр салада жетістіктерге жетіп жүрген үздіктер өздерінің жарқын идеяларымен бөлісуге мүмкіндік алды. Мысал келтіретін болсақ, солардың алғашқысы бизнес саласында толағай табыстарға қол жеткізген 23 жасар кәсіпкер Расул Абдуллаев болды. Ол өз қатарластарының Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына қоса алатын бақытты буын екенін айтты. Р.Кенжеханұлының мәліметінше, мұны да жастар ұйымы деуге толық негіз бар, өйткені аудармаға жұмылған негізгі мамандар – егемендікте білім алған, бір бөлігі «Болашақ» бағдарламасымен оқып келген тәуелсіздік құрдастары.Елімізде қоғам дамуына үнсіз-ақ үлкен үлес қосып, елеусіз-ақ елеулі істерді атқарып жүрген жандар бар. Осыған байланысты дүниеге келген жарқын жоба – «100 жаңа есім». Әлемде жастардың жаңа өмірге, кемел болашаққа шет елге аттандырудан бастайтын, ғылыми дәреже иеленуіне жағдай жасап отырған мемлекеттердің бірегейі – біздің ел. «Болашақ» бағдарламасының қол жеткізген толағай табыстары негізінде елімізге шет елдердің ең үздік деген мамандары тартылып, оқушылар мен студенттерді қамтамасыз ететін бағдарламалар іске асырылуда. Елімізде білім берудің бүгінгі жайы қоғамдық өмірдің барлық салаларына түбегейлі өзгертуде, маңызды мәнге ие және оның дамуы жалпы мемлекеттік саясаттың басты буыны ретінде қарастырылып отыр. Сапалы білім – болашақтың негізі. Бәсекелестіктен құрылған қоғамның алдыңғы қатарында өзінің заңды да лайықты орнын таба алатын, өз мамандығының шебер иесі әрі заман талабына сай қабілетті, еліміздің атын жаңғыртып, алға бастайтын жастарға үлкен үміт артылып отыр. «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан»- деп халқымыздың ұлы ақыны, ойшылы, сазгері, қара сөздің һас шебері Абай атамыз айтып кеткендей, кез келген адам «Өмір» атты дүниенің табалдырығын аттағаннан кейін өз орнын табуға тырысады, яғни өседі, өнеді, «еңбекпен тапқан нан тәтті» демекші, қалаған мамандықтарының қызығын көреді. Мемлекетіміз тарапынан қолдау көрсеткен жағдайда ғана, жастарымыз тұрақты, әрі өмірдегі орны мен бағытын нақты анықтай алады. Халқымыздың ең басты мақсаты – осы заманғы білім беру жүйесін белсенді түрде дамытып, білікті мамандар даярлап шығару. Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 14 қарашада Жастар жылын жариялау туралы жарлыққа қол қойды. Осылайша Қазақстан үкіметіне жастар жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.
«Мына өмірде, жүрегіңде,бойыңда ыстық қан барда, болмысты да, болмасты да,болады деп арманда!» – деп мұзбалақ ақын Мұқағали атамыз жырлап кеткендей, небір асылдарды ақтарар мұрат арманнан барлық ұлы істер мен ұлы өмір бастау алады. Заман тоқтаусыз өзгеріске ұшырап, қарқынды алдыға жылжыса да, мұндай жылдам ағынмен тең болып, болашақ пен өмір кемесін өткір мақсаты арқылы басқарып, кейінгісіне де, өткеніне де зор мақтаныш және үмітпен қарайтын жастарымыздың мүмкіндік толқынын жіберіп алмайтынына еш күмәніміз жоқ. Қанша ғасыр өтсе де, адам бойындағы ең мықты қасиеттерінің бірі – үміт. Кімде-кім өзінің арманын мақсатқа айналдырып, тек алға жылжуды өмірлік ұстанымына айналдырса, сол әлемнің ең биік белестеріне жеңіс туын тігіп, жаңа болашаққа, жаңа өмірге, жаңа кезеңге жол ашады. Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Армандай алған адам ендігі кезекте сол арманды шынайы жетістікке айналдыруды үйренуі тиіс. Өткен мезет алтыннан қымбат. Адам өзінің өмір жолын өзі жазып, болашағының қалай құрылатынын дұрыс таңдауы тиіс.
Жарқын болашақ – жастардың қолында.

Айсана НҰРҚАДЫР

0

ҚҰТ ПЕН ҚЫДЫР КҮНІ

Алдыңғы ақпарат

ІШКІ ӘЛЕМНІҢ ЖАҢАРУЫ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *