ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВМерекелер

ЖАДЫРАЙДЫ, ЖАРҚЫРАЙДЫ МАҢАЙЫМ

Ырыс пен ынтымақтың мерекесi. Наурыз жыл басы, күн мен түннiң теңелетiн шағы. Қыстың көбесi сөгiлiп, тiршiлiкке жан бiтiп, жасарып, жаңаратын, табиғат көктеп, көгеретiн кез. Қыстың қыспағынан құтылып, арқа-бас кеңейетiн, шаттыққа кенелетiн шығыс халықтарының жаңа жылы. Әз наурыз мерекесін Чапаев ауылдық округі де салтанатпен атап өтті. Салтанатты жиынды округ әкімі Б.Жұмабаев ашып, Наурыз – жыл басы ғана емес, береке-бiрлiктiң, iзгiлiк пен татулықтың, бауырмалдықтың мерекесi. Ғасырлар тереңiнен бiзге келiп жеткен Наурыз мейрамы елiмiздiң барша халықтары үшiн ұлық мереке болып саналады. Елбасымыз биылғы халыққа арнаған «Қазақстанның үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» атты Жолдауында бүгiнгi әлемдiк ахуалдың күрделi кезеңмен ұштасып отырғанын атап өттi. Сонымен қатар, Елбасы мұндай аса жауапты сәтте бiрлiктiң сақталуы аса маңызды екенiн, сондай-ақ, барша қоғам ел игiлiгi үшiн аянбай тер төгу қажеттiгiне тоқталды. «Бiрiмiз бәрiмiз үшiн, бәрiмiз бiрiмiз үшiн» деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиiспiз. Сәт сайын құбылған аласапыранға сай амал табуымыз керек. Ең жақсы жоспар – уақыт талабына бейiмделген жоспар болып саналады. Бiз де заманның беталысына қарай, межелерiмiздi белгiлеп, жоспарларымызды жөндеп отыруымыз қажет. Бiздiң мақсатымыз – елi бақытты, жерi гүлденген Отанымыз Қазақстанды Мәңгiлiк Ел ету. Сiздердi тағы да осынау шат-шадыман Наурыз мерекесiмен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға береке-бiрлiк, жақсылық тiлеймiн. Ұлыс оң, ақ мол болсын, ағайын дей келе барша жиылған қауымды бүгінгі келіп жеткен мейірім мен молшылықтың, бірлік пен ынтымақтың символындай болған әз-Наурыз мерекесімен құттықтап, еліміздің әр отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке әкелсін деген тілегін жеткізді. Сонымен қатар округіміздің дамуына елеулі үлес қосып, тыныс-тіршілігіне белсенді атсалысатын округтің бір қатар азаматтарын алғыс хаттармен марапаттап, сыйлықтар таратты. Мерекелік іс-шарада киіз үйлер тігіліп, шатырлар құрылып, сондай-ақ дастархан жайылып, келген қонақтарға наурыз көже таратылып, концерттік бағдарламаға ұласып, әсем ән мен күмбірлеген күй төгілді.
Шараға келген округ тұрғындары мен қонақтары көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.

0

ДОБРОЕ СОСЕДСТВО — ПРОЧНЕЕ РОДСТВЕННЫХ УЗ

Алдыңғы ақпарат

ГҮЛ ШАШЫП ЖАТЫР БАР АЙМАҚ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *