ЖаңалықтарҚоғамМерекелер

Жаңа жылдан күтеріміз мол

Биылғы жыл ит жылы. Әр жылдың өз мінезі болатынын жұрт аңыз қылып айтады. Мысалы, «Мешін жыл – естен кетпес есіл жыл» деп мешін жылы апат пен жұттың көп болғанын еске алады. Айталық, 1920 жылы қазақ даласында мал қырылып, ол «Тас мешін» деп аталды. 1931-1932 жылдардағы ашаршылық та осы мешінде болды.

«Қоян жылы қыс ұзақ болады», «Ұлу жылы жауын-шашынды», «Жылан жылы жыландай ысқырған боран көп болады», «Жылқы жылы ілгері» деп жайлы болатынын айтқан. «Қой жылында қыс жылы», «Мешінде ұзақ әрі қақаған суық», «Тауық жылы қыс қатты». Ит жылы сәл суықтау болғанмен көбінесе борансыз, жайлы болатынын түрлі халық аузында жатталып қалған. Бұл – тарихи тәжірибелер жиынтығы.

Сол мешін мен тауыққа тура келген 1932-33 жылдары Қазақстанда ауыр ашаршылық болды. 1928 жылдың күзінде ірі байлардың мал-мүлкін тәркілеудің ақыры, «кіші қазақ төңкерісі» сияқты солақай саясатқа ұласты. Осы зобалаң жылдары 3-4 миллионға жуық адам қырылды. Көптеген қазақтар шетелге босып кетті. 1933-ит жылынан бастап ел басына түскен ауыртпалықтың беті бері қарапты.

Келесі ит жылы 1946 жылға тура келді. Осы жылдан бастап Ұлы Отан соғысының ауыртпалықтары жеңілдеп, соғыстың салдарынан ауыр күйзеліске ұшыраған экономика қалпына келе бастады. Мешін мен тауыққа тура келген 1968-69 жылдары да құрғақшылық болды. Жағдай 1970-ит жылынан бастап қалыпқа түсе бастапты. Бұдан кейін келген 1982, 1994, 2006 жылдарда ел үшін жайлы жылдар болып есептелді.

Халықтық жыл санау есебінде 12 жыл – 12 мүшел түсінігі бар болса, олар туралы деректер VIII ғасырдағы Күлтегін ескерткіштері мен ХІ ғасырда өмір сүрген Махмұт Қашқаридың еңбектерінде кездеседі.

«Шипагерлік баянның» авторы, ғұлама ғалым, қара үзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы 1472 жылы Әз Жәнібек хан тұсында, хан жарлығымен Әл Ақордада жазған кітабында былай деген: «Бір түн мен бір күндіз ұштасып, толысып қабыспағы күн делініп, санамы жетіге толса апта, отызға толымдаулығы ай аталымын қойындамақ. Айғақ саналығысы толғанда он екіні толықтырғанда бір жылды тауысады да он үшке аяқ басқанда келесі жыл басталмағы айқындылығы әйгіленімі шарт.

Жылдың негізінде – данышпандық, дипломатия, әдеп пен рухани баю жатыр. 2018 жылдың артықшылықтары – тамыр-таныстарыңызбен үнемі жылы қарым-қатынаста болу, спортта жетістіктерге жету болса, негізгі «кемшіліктері» – шамадан тыс эмоцияға берілу, агрессия мен қысым, орындалмаған армандар. Осы жыл адамдар үшін, алдымен қандай да бір іс-әрекет жасап алып, cодан кейін ғана қорытынды шығарып, қателік жібергенін түсінетін жыл болады.

Ал, негізінде адамдарға қандай шешім қабылдаса да, алдымен жан-жақты ойлап, мәселені таразылап алғандары жөн болады. 2018 жылы рух энергетикасы артатындықтан, расымен де, келер жылы түрлі қақтығыстардың көбею қаупі төніп тұр. Сондықтан, қандай мәселе орнаса да, оны бейбіт әрі дипломатиялық жолмен шешкен жөн болады.

Бұл жылы адамдар өз-өзінің болмысына қарама-қайшы келетін әрекеттерден аулақ болып, түрлі қиын жайттарды басынан кешкенде барынша суыққанды болуы тиіс. Отбасылық қарым-қатынаста кикілжіңдердің орын алуына жол бермеген абзал. Себебі, бұл санда ақыл мен ашу бір-бірімен сәйкес келмейді. Адамдар көп жағдайда өздерін шығармашылық тұрғыда дамытуға, оқу мен медитация, мәселен, спорт, йога, рухани дамуға көп көңіл бөлулері керек. Ал, өздерін рухани тұрғыдан дамытқан жандарды қаржылық табыс күтіп тұр.

Ит жылы адал еңбекті, шыдамдылықты, алға қойған мақсат-міндеттердің орындалуын талап етеді. Позитивті көңіл-күйді, ойын-сауықты жақсы көреді. Бірақ арамдықты, әділетсіздік пен өтірікті кешірмейді. Ит адал ойынның жақтасы, жыл соңында әрбіреуін еңбегіне, адал ниетіне қарай марапаттайды. Мүмкіндік береді, алайда оның сұрауы да жоқ емес. Ит, біз ойлағандай, қарапайым үй жануары емес, жауапкершілікті талап етеді. Барша қазақстандықтарға келе жатқан жаңа жылда шынайылық, өзара сенім мен адал махаббат тілейміз!

0

БОРАЛДАЙЛЫҚ БОКСШЫ АЛИ АХМЕДОВ – ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ WBC ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ!

Алдыңғы ақпарат

Здравствуй, здравствуй Новый год!

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *