ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВ

ЖАҢА ЖОЛДАУ – ЖАҢА САПА

2018 жылдың 5 қазандағы Жолдаудың уақыты тәуелсіздік тарихындағы маңызды күнмен тұтас келді. Осыдан 21 жыл бұрын, яғни 1997 жылы 10 қазанда Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауын жариялаған болатын. Онда «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасын жариялаған. Содан бері Жолдау халықтың назарын аударатын құжатқа айналды. Әлеуметтік сауалнамалардың деректеріне сүйенсек, халық Жолдаумен жақсы таныс. Тұрғындар онда айтылған бағыттарға үлкен үміт артады, құжатта қойылған міндеттер орындалады деп күтеді. Президенттің әрбір Жолдауы барлық деңгейдегі менеджерлер жұмысының тиімділігі бағаланатын елеулі практикалық ұстанымдарға негізделген. Халықтың әл-ауқатының тұрақты өсуі, өмір сүру деңгейінің артуы – біздің басты мақсатымыз бен міндетіміз. Биыл Президент өзінің жаңа Жолдауында өзекті мәселеге – өмір сапасын жақсартуға баса назар аударды. Соңғы бес жылда біз мемлекеттік бағдарламалар мен жүзеге асқан көптеген идеялар жинақтадық. Бұл өз кезегінде алға жылжуымызға, дамудың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік береді. Қазір қоғамның жетекші компоненттерін тереңдететін және анағұрлым маңызды өзгерістер жасайтын уақыт. Маңызды мәселелердің бірі – қоғамның әлеуметтік құрылымының өзгеруі. Біз ұрпақ алмасуына куә болып отырмыз. Елімізде 1990 жылдардың соңында, 2000 жылдың басында туған жастар үлкен өмірге араласа бастады. Олардың алған білімі еңбек нарығында бәсекелестікті арттырды. 1990 жылдары мамандардың кету кезеңі болғаны белгілі. Мамандардың кәсіби негізі сақталғанымен, заманауи жаңа талаптар мен технологиялар ортаға шығып, соған сай кадрлық әлеует әлсіреді. Қазіргі таңда білікті мамандар тапшы. Бір жағынан елімізде жастардың саны 2013 жылдан 2017 жылға дейінгі кезеңде 4,3 миллион адамнан 3,9 млн адамға дейін азайған. Бірақ алдағы уақытта халықтың саны өсіп, жастардың үлесі арта түседі. Сондықтан жастарды дамытуға инвестиция салу қажет. Егер жастарды қажетті деңгейде қолдай алсақ, онда жаңа буын күткен нәтиже көрсетіп, бәсекеге қабілет артып, отан сүйгіштік сезімі оянып, артылған үмітті ақтайды. Сондықтан Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында Қазақстанда 2019 жылы «Жастар жылы» деп жариялады. Бұл өте уақтылы және болашаққа бағытталған шешім болды.

Р. ҚЫСТАУБАЕВА,
аудандық Әділет басқармасының басшысы,
Заңгерлер Одағының мүшесі

0

Шарын шатқалында құны 1,5 млрд. теңге болатын заманауи ойын сауық паркі салынбақ

Алдыңғы ақпарат

Александр Скоропадский: «Я СВОЙ ВОЗРАСТ НЕ ЧУВСТВУЮ»

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *