Бас мақалаВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВҚоғамРухани жаңғыру

ЖАҢА ОЙЫН АЛАҢДАРЫ АШЫЛДЫ.

Қараша айының шуақты күнінде Өтеген батыр кенті спортивная көшесінде қара құрым адам. Олар аулаларға салынған судай жаңа балалар алаңы қызықтыруда. Бұған дейін осында тиісті балалар алаңы мен абаттандыру болмаған. Бірақ бұл жерді жергілікті «Sokol» компаниясы адам танымастай өзгертті. Естеріңізге сала кетейік аудан әкімі Б. Қарасаев аудан көлеміндегі жеке меншік компанияларды тұрғын үй аулаларындағы тозығы жеткен балалар ойын алаңдарын жаңартуды тапсырған еді. Енді міне аудан орталығында осы бір игі іс бастау алды. Компания аумақты абаттандырып, құмсалғыш, әткеншектер мен турниктер салып берген. Бұл игі ісіне үй тұрғындары ғана емес, жалпы Өтеген батыр кенті мен аудан басшысыда  дән риза. Балалар алаңының құрылысын кәсіпкер президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруға бағытталған.

Аудан әкімі Б.Қарасаев «Бүгінгі таңда әлеуметтік жауапкершілік кәсіпкерлік қызметтің ажырамалонс бөлігіне айналу керек. Сондықтан, менің ойымша әр адам бизнесте болсын, басқа салада болсын, өзінің мүмкіндіктеріне қарай айналасын жаңартып, жарқыратып отыру тиіс», — деп атап өтті.

Ал, ойын алаңдарының құрал жабдықтарын «GOR SERVICE GROUP» компаниясында дайындалған басшысы О. Енин.

Енді Өтеген батыр кентінде бес жаңа ойын алаңы мен спорт алаңы жұмыс жасап тұр. Тұрғындардыі разылығында шек жоқ . 30 жылдан тастам уақыт бұл жерге жаңадан ешетеме салынбағанын алға тартып, көптен күткен ойын алаңын салуға көмектескен жергілікті азаматтарға алғыстарын жаудырды.

Б.ЧОЙБАСОВ

«Egemen qazaqstan»-100: Дархан Қыдырәліге «Құрметті профессор» атағы берілді

Алдыңғы ақпарат

МҰРАТ ӘУЕЗОВ ШЕКАРАШЫЛАР АРАСЫНДА

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *