Без рубрики

ЖӘРДЕМ ЖАСАСА ЖАНЫ НҰРЛАНАДЫ

Боралдай кетіндегі «Дәулет-Центр»  Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас  директоры, ауданның Құрметті азаматы  Садат Қондыбайқызы Сәткенбаева  еңбекқорлығымен, ізденімпаздығымен, пейілінің түзулігімен, көңілінің ақтығымен, қолының кеңдігімен, жүрегінің жомарттығымен ерекшелентін жан . «Дәулет-центр» медициналық мекемесінің тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуін   жоғары деңгейге көтере білген Садат Қондыбайқызы ізденуден жалыққан емес. Өткен жылы ол талмай ізденудің арқасында осы мекеме жанынан облыс бойынша тұңғыш рет сауықтыру орталығын ашты. Бүгінде    республиканың түпкір-түпкірінен адамдар келіп осы орталықтан ем алуда. Дүние жүзі бойынша пандемия деп жарияланған коронавирус инпекциясының   кеңінен етек алуын барынша азайту мақсатында елімізде  карантин жарияланған  кезде аталмыш медициналық мекемесі  жұмысын бір күн де тоқтатқан жоқ. Ел басына сынақты күн туғанда  Садат Қондыбайқызы бос қарап отыра алмады. Ол Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Біз біргеміз» акциясын қызу қолдағандығын, нақты ісімен дәлелдеді. Жақында ғана өз қалтасынан 700 мың теңге шығарып, Боралдай кетінде тұртын көмекке аса зәру 111 отбасына азық-түлік көмегін көрсетті. Атап айтқанда күнделікті қажетті ұн,  қант,шай, май күріш ,макарон өнімдері, көкөніс түрлері, кондитерлік тағамдардан  тұратын бағасы 18 мың теңгелік азық-түлік  жиынтығы көпбалалы,тұрмысы төмен отбасыларына таратылып берілді. Негізіен алғанда жыл сайын көмекке мұқтаж жандарға  қолдау көрсету Садат Қондыбайқызының  бойына сіңген әдеті.
  -Мен негізінде осы орталық ашылғалы бері жыл сайын бір мәрте тұрмысы төмен  отбасыларына қайырымдылық жасап отырамын ,-дейді бізбен телефон арқылы хабарласқанда Садат Қондыбайқызы. –Жыл сайын  жағдайы нашар адамдарға өздерінің сұранысы бойынша  көмек көрсетемін. Оларға өтініштері  бойынша тұрмыстық техника, теледидар, компьютер алып берген кездерім болды.  Ал, биыл Ел Президентінің бастамасын қолдау мақсатында тек азық-түлікпен жәрдем жасадым. Бұл менің  азаматтық, адами парызым. Өйткені, шүкірлішік., осы орталықтың арқасында кәсібіміз табысты болып, материалдық жағдайымыз жақсарды. Менің ойымша әрбір мұсылман адам өзінен артылғанын басқалармен бөліскені абзал іс. 
   Карантин талабы күшейіп, тиым тәртіптері қатаңдатылған қиын-қыстау күндері, күнделікті азық-түлікті сатып алуға жағдайы жетпей жатқандарды қамқорлығына алып, қайырымдылық жасау  шынында да сауапты іс.Басқаларды қуантып, олардың риза болғанын көру Садат Қондыбайқызы үшін үлкен бақыт. Жәрдем жасаса  оның жанының нұрланатындығын біз жақсы білеміз.Ал, өз кезегінде  қаншама адам оның  жан жылулығына бөленіп отыр.
                                               Роза Айдарбекова 
0

Горячий обед на блок пост (доставил дежурным сотрудникам и волонтерам житель соседнего села)

Алдыңғы ақпарат

Алена+Алтай=Любовь!

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *