ЖаңалықтарҚоғамПромышленность и предпринимательство

ЗАУЫТ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Іле ауданы «Нұр отан» партиясы филиалының төрағасының бірінші орынбасары Е. Тұрымбетов, Іле ауданы маслихатының депутаты Р. Елешов және Іле аудандық Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Д.Қоңырбаев, Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Е.Мейрманов Ащыбұлақ ауылдық округі М.Түймебаев ауылында орналасқан жаңадан іске қосылған «TML Rubber kz» Кәріздік құбырлар үшін резеңке тығыздағыштарын шығаратын зауыт жұмысымен, және «Фатих ВХ» спорттық аяқ киімдерді шығаратын зауыт жұмысымен танысты.
Жалпы алғанда аталған екі зауытқа 540 млн теңге Инвестиция тартылған, және 84 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жұмысшылардың 90 пайызы жергілікті тұрғындарды құрайды.


«TML Rubber kz» Кәріздік құбырлар үшін резеңке тығыздағыштарын шығаратын зауытта айна 18 млн дана, ал жылына шақанда 126 млн дана Кәріздік құбырлар үшін резеңке тығыздағыштарын шығарады, Кәріздік құбырлар үшін резеңке тығыздағыштарының 8 түрі шығарылады.
Зауыт өнімі көрші Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан елдеріне экспортталады және Қазақстаның барлық облыстарында отандық базарларда сатылады.
«Фатих ВХ» спорттық аяқ киімдерді шығаратын зауытта айна 8-10 мың, ал жылына шақанда 100-120 мың пар дана спорттық аяқ киім шығарылады. Зауыт спорттық аяқ киімнің жылына алғанда 80 түрін шығарады.
Зауыт өнімі Қазақстаның барлық облыстарында отандық базарларда сатылады.

0

Қарты бар елдің — қазынасы бар

Алдыңғы ақпарат

Өткен күндер белгісі

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *