ЖаңалықтарҚоғамӨнеркәсіптік революция 4.0Цифрлы Қазақстан

ЗАМАНҒА ЛАЙЫҚТЫ ДАМУ ЖОЛЫ

 

2018 жылдың 10 қаңтарында Президент Н.Назарбаев Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында 10 басым бағытты атап көрсеткен Бұл Жолдаудың негізгі мазмұны қазіргі жаһандық жағдайда әлем елдерінің көшінен қалмай, ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін Ғылыми-техникалық, ақпараттық-технологиялық салаларды дамыту және адами капитал – жаңғыру негізі екендігін атаған. Жолдау жолдарында көрсетілген өзекті мәселелердің барлығы жаңа заманға лайықты даму бағытында оң өзгерістер мен дамуға бастайтын маңызды бағыттар.

Еліміздің қарқындап даму мүмкіндіктері зор. Өйткені, Қазақстан – Еуропа мен Азияның арасындағы «Алтын көпір» сияқты мемлекет. Геосаясатта орналасу жағдайы, табиғат байлықтары мен қарым-қатынас жасайтын көршілес мемлекеттері бар. Қолайлы мүмкіндіктері де жеткілікті. Дипломатияда көп векторлы сыртқы саясатты алыс және жақын шетелдермен мықтап орнатқан мемлекет. Осы Жолдауда аталған 10 басым және маңызды бағыттардың барлығы жаңа заман талабына сай, елді дамытуға бағытталған қадамдар. Мәселен, еліміздегі индустрия, технология, өнеркәсіп кешені, көлік-логистика, инфрақұрылым, коммуналдық құрылыс, заманауи технология, адами капитал, тиімді мемлекеттік басқару және «ақылды қалалар» «ақылды ұлт үшін» деген мәселелер көтерілген. Енді, Президент Жолдауында аталған тапсырмаларды елімізде әрбір саланың мамандары жүзеге асыруы қажет. Оған қоса мемлекет барлық саланы қадағалап, оған бөлінген қаражаттың нәтижесін сұрап, есебін алып отыруы тиіс. Тек, сонда ғана өркениетті елдер сияқты мемлекеттің ілгерілеп дамуы болады.

 

С. ДӨНЕНБАЕВ, аудандық мәслихат депутаты

ТАРИХЫМЫЗДЫҢ АҚТАҢДАҒЫ ЕСІМІЗДЕ

Алдыңғы ақпарат

ҮЛКЕН ҚОЛДАУ ӘРІ КӨМЕК

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *