ВЕСТИ ИЗ ОКРУГОВҚоғам

ЗАМАНҒА ЛАЙЫҚ БЕТАЛЫС

Аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Боралдай кентіндегі 2022 әскери бөлімінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1918 жылғы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылады.
Оған аудан әкімінің орынбасары А.Сатибаев, Боралдай ауылдық округінің әкімі Д. Қоңырбаев, 2022 әскери бөлім командирі, Е.Каленов, 2177 әскери бөлімінің командирінің м.у.а Б. Нүсіпов әскерилерді Жолдаудың толық мәтінімен таныстырып, алдағы уақытта еліміздің өркендеуі үшін өзекті мәселелер ретінде мемлекет басшысының бағдарламалары мен нақты тапсырмаларын айтып, толық мағлұмат берді. Елбасының тапсырмасы бойынша «Қазақстан-2050» стратегиясын мүлтіксіз орындау әркімге де ортақ парыз, абыройлы міндет екендігін ерекше атап көрсетті.
Сонымен қатар, Жолдауда көрсетілген өзекті мәселелердің барлығы – жаңа заманға лайықты даму бағытында оң өзгерістер мен дамуға бастайтын маңызды бағыттар. Ендігі кезекте, осы тапсырмаларды елімізде әрбір саланың мамандары жүзеге асыруы қажет. Оған қоса мемлекет барлық саланы қадағалап, оған бөлінген қаражаттың нәтижесін сұрап, есебін алып отыруы тиіс.
Елбасы айтқандай, «халқымыздың бақуатты өмір сүруі және еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы – Тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік мұраты» болса, сондай-ақ алған бағытымызбен жүретін болсақ, қазақ елінің басына ондай күннің де алыс емес екенін аңғарғандаймыз. Сонда ғана тәуелсіздігімізді баянды етіп, Мәңгілік қазақ елі болатынымыз айдан анық.
Жиыннан соң келген қонақтарды 2022 әскери бөлімінің мұражайымен таныстырып, естелік суретке түсті.

Б. ЧОЙБАСОВ

0

ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫҢ ДАРА ЖОЛЫ

Алдыңғы ақпарат

ҚАЗАҚСТАН – АЛМА МЕН ҚЫЗҒАЛДАҚТЫҢ ОТАНЫ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *