Заң және бізҚоғам

ЗАҢГЕРДІҢ КӨМЕГІН ТЕГІН АЛУ – БҰЛ МҮМКІН!

Көкшетау қаласында «Antikor ortalyǵy» сервис ғимаратының алаңында халыққа тегін заң көмегін көрсету бойынша «Ашық қызмет» акциясы өтті.

Азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша көмек көрсету акциясына Ақмола облысының жоғары білікті адвокаттары, нотариустары, сот орындаушылары, әділет қызметкерлері, заң кеңесшілері қатысты.

Тегін заң кеңестерін өткізу барысында түскен сұрақтар еңбек қатынастарына, тұрғын үй саласына, азаматтық құқықтарды қорғауға, нотариалдық іс- әрекеттерді жасау тәртібіне, мүліктік талаптарды өндіріп алуға, мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу тәртібіне, медиативтік келісімдерді орындауға және басқа да мәселелерге қатысты болды.

Айта кету керек, бұл акция «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде аумақтық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастамасымен жүйелі түрде өтеді.

Бұдан басқа, Еріктілер жылы аясында сервистік орталық ғимаратында әр сенбі сайын консультативтік құқықтық көмекке мұқтаж азаматтар үшін ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен іске қосылған және халық арасында оң пікір алған «Адал көмек» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда.

0

ЖАС ҰРПАҚ ПАРАСАТТЫЛЫҚ ҚОЛДАЙДЫ

Алдыңғы ақпарат

В Алматинкой области зараженных COVID-19 нет

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *