Денсаулық

Қызылша ауруының емі бар, бірақ қауіптілігі жоғары.

Бүгінде жер-жерде қызылшамен жұқтырып алып, емделіп жатқандар көп. Мұндай сырқаттың алдын алу мақсатында Қапшағай қалалық аурухана, өңірлік санитарлық-эпидемиалық басқарма, ветеринария бөлімі, заң, мемлекеттік-құқықтық бөлімі, орталық мешіт имамы және шіркеу қызметкерлері қатысып, ата-аналар мен оқушылар, жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиында республика көлемінде аталған ауру мен тіркелген азаматтар саны артқан. Олардың ішінде Қапшағай қаласы да тысқары қалған жоқ. Бүгінгі таңда сала мамандарының сөзіне қарағанда, ауруханаға 11 адам келіп түскен. Оның 9-ы осы сырқатпен ауыратыны болжанып, сараптама нәтижесінде 2 науқастың анықтамасы расталған. Олардың арасында 14 жасқадейінгі 5 бала, соның екеуі 2 жасар нәресте, біреуі жасөспірім, қалғаны үлкен кісілер. Сонымен бірге, Шеңгелді окрігі бойынша бір оқиға тіркеуге алынған. Қазіргі таңда көпшіліке егуден бас тартатын болған. Мәселен, сарапшылардың айтуынша, қаладағы №1 орта мектепте 44 дәрігерлер тексеруінен өткен. Соған орай, оның 23-і екпе салдыруға өз рұқсатын бермеген. Жалпы, дәрігерлер қызылшамен ауырған азаматтар оған қарсы екпе алуын ескертеді. Өйткені, көбінде мұндай ауруға бала кезде шалдығатындықтан ем сол мезгілде жасалады. Ал, алмағандар болса уақыт создырмай оны салдыруды ескертеді. Себебі, қызылша ауруын дер кезінде емдемей асқындырып алған жағдайда ол соқырлыққа немесе менингоэнцефиалитдертіне болмаса мүгедектікке, тіпті өлімге әкелу қаупі барын айтады, дәрігерлер. Негізі бұл ауа арқылы емін-еркін таралатын жұқпалы ауру болғандықтан, қапшағайлық жауапты мамандар адам көп жүретін банк, сауда орындары, базар, оқу орындарына біртіндеп тексеру жұмыстарын бастаған.

0

НЕЗАБЫВАЕМЫЕ ПОДВИГИ

Алдыңғы ақпарат

АЛҒЫСҚА БӨЛЕНГЕН АРДАГЕРЛЕР

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *