Дін және қоғамҚоғам

ЫСТЫҚ ҰЯ ИМАНМЕН ӨРІЛСІН

Ислам және отбасы. Отбасы тақырыбы дініміздің аса ерекше мән берген өзекті тақырыбы десек артық айтқандық болмас. Өйткені ақындар мен жыраулар, билер мен батырлар, шешендер мен абыздардың шыққан жері тәрбиелі отбасында дүниеге келген екен. Оттың басы ошақтың қасы деген түсінік ертеден белгілі. Дінін дәстүріне, салтын санасына сіңірген дана халқымыз отбасын аманатым деп білген. Адамзаттың асылы, жаратыстың ардақтысы, елшілердің мырзасы пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Барлығың бақташы іспеттісіңдер. Әрбір бақташы өз ісінен жауапқа тартылады» деген хадисінен аңғаратынымыз отбасы мүшелерінің тәрбиесінің маңыздылығын білеміз.

Тәрбие тал бесіктен деген тәмсіл ертеден бар. «Ыстық ұяң — отан қымбат» деп ақындар жырлағандай отбасының қоғамдағы орнын жырға қосып келеді.«Ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі» деп дөп айтқан.

Кешегі аты аңызға айналған Алаш арыстарының қоғам белсендісі болып қалыптасуының артында отбасы тәрбиесі тұр. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішеді» деген қанатты сөз отбасындағы әке мен ананың тектілігін назарда ұстаған. Жоғарыда келтірілген мысалдар күнделікті тұрмыста қолданылатын қанатты сөздердің бастауы дініміз Ислам қағидаларына сәйкес келеді. Ата ананың жүріс тұрысы, айтқан әрбір сөзі, істеген іс қимылы бала шаға үшін дайын бағдарлама. Отбасының екі тірегі ата аналар тәрбиеге ерекше көңіл бөлгенде ғана ұлтжанды,елін жерін қорғайтын, көк туымызды көкке желбіретер ұрпақ өсіп жетіледі. Олай болмаған жағдайда бәрі керісінше болмағына ешкім білмейді. Биылғы жылымызды бас мүфтиіміз Серікбай қажы Ораз бастаған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Ислам және отбасы» жылы деп жариялады. Өте маңызды бастама деп айтуға болады. Болашақ ұрпақтың тағдыры бүгінгі күнге байланысты болмақ ағайын! «Ел боламын десең бесігіңді түзе» дегендей отбасы тәрбиесі бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Асан ПАРСАХАНҰЛЫ, «Арын қажы» мешітінің наиб имамы

0

«КӨКТЕМ-2018» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскерге шақыру науқаны

Алдыңғы ақпарат

ДВК признан экстремистским

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *