ЖаңалықтарҚоғамМерекелер

ЫРЗЫҒЫ МЕН ЫРЫСЫН АЛА КЕЛГЕН ӘЗ-НАУРЫЗ

Ұлыстың ұлы күні «Әз Наурыз» мерекесі Қараой ауылдық округінде жоспарға сай өтті.

22 наурыз күні  Мәдениет үйі алдында №18 орта мектебі, «Балапан» балабақшасының киіз үйлері орнатылды, кәсіпкерлер шатыр құрды, №18 орта мектеп сынып оқушылары ауыл-ауылға бөлініп, қазақтың ұлттық тағамдарынан байқауы өткізілді.

ЫРЗЫҒЫ МЕН ЫРЫСЫН АЛА КЕЛГЕН ӘЗ-НАУРЫЗ

Мерекеге жиналған тұрғындарды Қараой ауылдық округінің әкімі Д.К.Казербаев, аудандық маслихат депутаты Е.Тұрымбетов, Қараой ауылының имамы Сулеймен ақсақал, Қараой ауылының № 18 ОМ директоры А.Уалибаева, кәсіпкер  Е.З.Батталханов (ПК«Или») мерекемен құттықтады. Мейрам округтердегі барлық шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлердің демеушілік көмегімен әкімшіліктің ұйымдастырылуымен өткізілді .

Әкімшілік тарапынан екі қазан күріш басылып, мекеме басшылары қайырымдылық дастарханын жайып, Наурыз көже тегін таратылды. Мерекеге әр ұлт өкілдері қатысып, қазақтың ұлттық тағамдарын дайындап, үстел жайып, жиналған қауымға дәм татқызды.

ЫРЗЫҒЫ МЕН ЫРЫСЫН АЛА КЕЛГЕН ӘЗ-НАУРЫЗ

Орталық сахнада мектеп ұжымы мен оқушылар мерекеге арналған концерттік бағдарламасымен жалғастырды. Осы мерекеде күрес, арқан тарту ұйымдастырылып, спорттық ойынға қатысқандарға бағалы сыйлықтар мен марапаттау қағазы берілді.

 

Қараой ауылдық округі әкімі аппараты.

0

ПРОФИЛАКТИКА ТУБЕРКУЛЕЗА

Алдыңғы ақпарат

ШАУАҚТЫ НҰРЫН ТӨККЕН КҮН

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *