ЖаңалықтарҚоғамМерекелер

ЫНТЫМАҒЫ ЖЫРМЕН ТЕРБЕЛГЕН ЕЛ

«Бірлік болмай, тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін кең көлемде тойлауды сонау қызыл Кеңестен бері дәстүрлі түрде атап өтеді. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Жыл сайын атаулы мерекеде аудан аумағында тұрып жатқан 30-ға жуық ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді. Бүгінде «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетіледі. Халықтың көңіл-күйін көтеру үшін түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады. 1 мамыр – Қазақстандағы 25 жылда құрған негізгі мереке.

Осы дәстүрмен аудан орталығы Өтеген батыр кентіндегі орталық алаңда 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін жоғары дәрежеде атап өтті. Мерекелік шараға аудан әкімі Қ. Медеуов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат хатшысы Р.Абилова, мекеме және бөлім басшылары, бір топ ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелеріміз және аудан қонақтары мен тұрғындары қатынасты. Салтанатты жиында сөз алған аудан әкімі Қ. Медеуов «Сіздерді мерекелердің ішіндегі мерейлісі Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын. Көктемнің нұрымен шуақтанып, жер беті гүлмен көмкеріленіп келетін бұл мерекенің халқымыз үшін маңызы өте зор. Қазақта: «Бірлік түбі – береке» деген қанатты сөз бар. Сол айтпақ­шы, бүгінгі таңда әлемдік ортада өз орны бар тәуелсіз Қазақстан­ның басты құндылығы – халықтар бірлігінде десек, жетістіктері­міздің кілті де сол жарастықты ынтымағымызда жатыр. Мерекелеріңіз құтты болсын. Көпұлтты мемлекетіміздің Көк Туы желбіреп, Әнұранымыз асқақтай түссін!»

Мерекелік шарада аудан көлеміндегі этно бірлестіктер қаз-қатар шатыр құрып, өз салт-дәстүр қолөнерлерімен таныстырды. Аудан өнерпаздарының «Ынтымағы жарасқан – Қазақстан!» атты мерекелік шарасымен одан әрі барша жұртшылыққа мерекелік көңіл-күй сыйлай түсті.

Әр түрлі ұлыстардың тірлігі мен танымын өрендер киімдерімен келістіріп, өлеңдерімен өргені арадағы алтын қазық саналған сыйластықты көзге оттай басады. Жастардың бірі – тамылжыта ән шырқады, мың бұрала би биледі. Тілі бөлек болғанымен, тілегі бір тұрғындардың дайындаған асханасы да атаулы күннің көркін одан әрмен қыздыра түсті. Жүзден астам тағам түрлерінен келген қонақтар тегін дәм татты. Мерекелік бағдарламалар соңы гала-концертке ұласты. Сөйтіп, мәртебелі мейрамды киелі Іле жері де ұлан-асыр той-думанмен атап өтті. Себебі, елімізде ең бастысы – ұлтқа бөліп емес, адам деп сыйлау, барлық ұлттың құқықтарының бірдей болуы және қандай бастама, ізгі іс болсын басталуына қолдау жасалып жатқандығы, ұлтына қарап емес, іскерлігіне қарай бағаланып жатыр. Туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде әрқайсымыз өз үлесімізді ел бірлігінің сақталуына, бейбіт те мазмұнды өмір кешуімізге атсалысайық.

Ел тыныштығының тұнығы бұзылмай, бейбіт елдің берекесі арта берсін!

Өз тілшіміз

0

ТЕГЕУРІНДІ ТІЛ, МОЛ МҮМКІНДІКТЕР

Алдыңғы ақпарат

ІЗІ ӨШПЕЙДІ ІЗГІНІҢ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *