Рухани жаңғыру

ЫНТЫМАҚТЫҢ ІЗГІ ЛЕБІ

Іле аудандық кітапханасының «Коворкинг» орталығында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен 25 шілде күні «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Халықтар достығы мемлекет өркендеуінің негізі» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Іле ауданы әкімінің орынбасары А. Сатибаев, ұйғыр этно-мәдени орталығының жетекшісі М.Бакиева, жеке кәсіпкер А. Зунунов, аудан әкімі жанындағы терроризмге қарсы комиссия хатшысы М. Макымов және ауданның қоғамдық кеңес мүшелері, төрағалары, ұйғыр диаспоралары, мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

Осы дөңгелек үстелде ұйғыр этно-мәдени орталығының жетекшісі М. Бакиева Елордамыз Астанада Елбасының бұйрығымен салынған бейбітшілік пен келісім сарайы бар екенін, ол

жерде жыл сайын Қазақстанның халықтар Ассамблеясының сессиялары, дүниежүзілік дәстүрлі діндер мәжілістері, атаулы іс-шаралар өтетінін, қазақ және орыс театрларынан басқа елімізде өзбек, ұйғыр, корей және неміс төрт ұлттық театрларының жұмыс істейтінін, Қазақстан Республикасының ақпараттық өрісінде белсенді 35-тен аса этникалық газеттер мен журналдар жұмыс істейтінін, ең ірі 6 этникалық республикалық газеттер мемлекет жәрдемімен жұмыс істеп келетіндігін атап айтты.

Шара барысында Қазақстан бірлігі, достығы, ұлттық татулығы жан-жақты қамтылды. Арналған дөңгелек үстел мәдени диалог түрінде келген қонақтар өздерінің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті. Сонымен қатар, ол Қазақстан Республикасындағы барлық ұлттардың достығына өз үлесін қосты деп санауға болады.

Өз тілшіміз

0

АУДАНЫМЫЗДА АЛҒАШ РЕТ IT СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

Алдыңғы ақпарат

«ЧТОБЫ ЖИТЬ, НУЖНО СОЛНЦЕ, СВОБОДА И ЦВЕТОК», — Х.К.АНДЕРСЕН.

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *