ЖаңалықтарҚоғамСпорт

ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

1-наурыз Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған, қазақстандық бірегейлікті – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Алғыс айту күні.

Қазақстан халқы Ассамблеясының күнін атап өту мақсатында және Астананың 20 жылдығына орай, Боралдай кентінің №40 орта мектебінің спорт залында кент мекемелері арасында волейболдан жарыс өтті.


Жарысты салтанатты түрде кент әкімінің орынбасары А.Капаров ашып, «Алғыс айту күні» мерекесімен құттықтап, спортшыларға сәттілік пен жеңіс тіледі.
Жарысқа 6 команда қатысып өз шеберліктерін көрсетті, нәтижесінде 1- орынды №17 орта мектептің командасы, 2-орынды №39 мектеп –гимназия командасы иеленді, ал 3- орынды №40 орта мектептің командасы иеленді.


Жүлделі орынды иеленген командалар Боралдай кенті әкімінің мадақтама қағаздарымен, медальдарымен марапатталды.


Спортпен айналысқан адам жұмыста сергек, өмірде табысты болады. Боралдай кентінің тұрғындары салауаты өмір салтын қолдайды!

0

АКЦИЯ «НА СТРАЖЕ СЧАСТЛИВОГО ДЕТСТВА»

Алдыңғы ақпарат

ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *