Дін және қоғам

«УАҺАБИЛІК» НЕМЕСЕ «СӘЛӘФИЛІК» ДІНИ АҒЫМЫ

«УАҺАБИЛІК» НЕМЕСЕ «СӘЛӘФИЛІК»«Уаһабилік» немесе «Сәләфилік» — діни – саяси ұғым.

Бұл ағым ХVІІІ ғасырда Арабстанның Нәжд өлке-сінде пайда болған. «Уаһабилік» осы мекенде туып өскен әрі өзінің діни көзқарастарын таратқан Мұхаммед ибн Абдул Уаһаб деген кісінің есімімен байланысты. Ал, «сәләфилік» Мұхаммед пайғамбар мен оның сахабаларының дәуірін қайтару ұғымына жақын. «Сәләф» сөзі «алдыңғы өткендер», «бұрынғылар» деген мағынаны береді. Кейбір ислам ғұламалары мұсылмандардың алдыңғы үш толқынын «сәләфилер» деп атады. Пайғамбарды көргендер – сахабалар, сахабаларды көрген-дер – табиғиндер, табиғиндерді көргендер – табаға-табиғиндер деп аталды. Өздерін «сәләфи» деп санайтын мұсылмандар сол сәләфилер сияқты Құран Кәрім мен сүннетке ғана сүйенеміз дейді. Сәләфилер мұсылмандарды Алланың бірлігіне шақыру, ислам дінін хұрафат-бидағат амалдардан тазалау, дінді пайғамбар заманындағыдай қалпына қайтару, араб әлемін біріктіру сияқты мақсаттарды ұранға айналдырып алған.

Сәләфилік көзқарасының негізін қалаған Мұхаммед ибн әл-Уаһаб Ханбали мазһабын ұстанған. Ол алғашқы діни білімді өз әкесінен алды. Кейін Меккеде, Мадинада, Басрада, Бағдадта оқыды. Көп жыл саяхатта болды. Әкесі дүниеден қайтқаннан кейін өз еліне қайтып, діни жетекші қызметін атқарды.

Араб елдерін біріктіру деген ұранмен шыққан бұл әрекет көп ұзамай Саудтың туына, кейіннен династияның ресми идеологиясына айналды. Уаһабилер әрекеті тарихта қанды іздерін қалдырды. ХІХ ғасырдың басында олар Мекке, Мадина қалаларындағы барлық қабыр тастарды, тіпті Айша мен Фатиманың және көп-теген сахабалардың сағаналарын жермен жексен етті.

Олар тариқат сопыларын мүшрикке шығарды; дінсіздерге, зекет бермейтіндерге және намаз оқымайтындарға қарсы жиһад ашуға рұқсат етті, дүнияуи мәдениет және өнермен айналысуды (музыка, театр, көр-кемсурет және т.б.) кешірілмейтін күнә санады. Ислам әлемі 14 ғасырдан бері мойындап келе жатқан 4 мәзһабты мойындамады.

Олар тыйым салған амалдар: Өлгендерге Құран оқу, бағыштау; Мазарларға бару; Тәспі қолдану;

Дұғаларда пайғамбарлардың, әулиелердің, періштелердің есімдерін айту;

Мешіттерге садақа беру;

Пайғамбардың туылған күні, яғни мәуліт күнін атап өту, тағы басқалар.

Олар мен ханбали мазһабы арасындағы айырмашылықтар:

Намазды міндетті түрде жамағатпен оқу;

Иман кәлимасын айтумен иманды саналмайды;

Тәспінің орнына саусақ буындарын қолданады;

Мешіттердің мұнарасы болуына, сәнделуіне қарсы;

Пайғамбардың қабірін зиярат етуді көп тәңірлікке теңейді, тағы басқалар.

 

Аудан әкімдігі жанындағы террозимге қарсы бөлім

0

ДІН – ТӘРБИЕНІҢ РУХАНИ ТІРЕГІ

Алдыңғы ақпарат

ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ БАЛА ТӘРБИЕСІ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *