ЖаңалықтарЗнай нашихСпорт

Турнир төресі ШЕБЕРЛІК ШЫҢДАЛДЫ

Өтеген батыр ауылындағы аудандық ардагерлер үйінің ғимаратында аудандық спорт бөлімі және Іле ауданының мемлекеттік қызметкерлер мен әр саладағы жергілікті кәсіподақ ұйымдары, қоғамдық бірлестіктерінің ұйымдастыруымен 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне орай, аудан әкімінің кубогына арналған мекеме қызметкерлері арасында бильярд және шахматтан аудандық турнирі өткізілді.

Жарыстың басты мақсаты: 30 тамыз ҚР Конституция күні мерекесін атап өту, ауданда бильярд және шахмат спорт ойынын мекемелер арасында дамытып жетілдіру, жалпы халықты спортқа тарту, спортшылардың шеберліктерін және жан-жақты дайындықтарын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Қ. Медеуов, аудан әкімінің орынбасары А. Сатибаев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е. Тұрымбетов, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ә. Исаев қатысып, жүрекжарды пікірлерімен бөлісіп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Аудан әкімі турнирдің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде: «Біз шахмат клубын жөндеуден өткіздік. Біздің шахматшылар жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Еліміз чемпионатында облыстың құрамасы екінші орынды иеленді. Біздің міндетіміз шахмат спортына келгендерге жағдай жасау. Шахмат тез ойлауға, шешім қабылдауға үйретеді.

Біз болашақта осы турнирді тағы да қайталап  өткізуді ойластырамыз. Балаларды осы спорт түріне қызықтыру керек», – деді.

Жарыстың жекелей есеп қорытындысы бойынша, шахмат жарысында: І-орынға Сино Аманбаев, ІІ-орынға Виталий Родионов, ІІІ-орынға Араби Исахметовтер  ие болды.

Бильярд жарысында: І-орынды Бақытжан Қыдықов, ІІ-орынды Шыңғыс Исламов, ІІІ-орынды Тұрлыбек Молдагереевтер  ие болды.

Жүлделі орынға қол жеткізген спортшыларды аудан әкімі Қ. Медеуов құттықтап, мақтау қағаздары, медальдар және кубокпен марапаттады. Соңында естелік суретке түсіп мәре-сәреге болды.

Бұқаралық спортты дамытуға бағытталған іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

 

Өз тілшіміз

0

ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТ

Алдыңғы ақпарат

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – ЕЛ ЕРТЕҢІНЕ НЫҚ ҚАДАМ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *