ДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

ТУБЕРКУЛЕЗ СІЗДІҢ БИЗНЕСІҢІЗГЕ ҚАУІП ТӨНДІРМЕЙДІ

Туберкулез – ауа-тамшылы, ауа-шаңды, тұрмыстық қатынастық жолдармен таралатын инфекциялық ауру. Бұл ауруды туберкулездік таяқша шақырады. Туберкулезбен сырқаттанған адаммен ұзақ уақыт тығыз қатынаста болған тұлғалар үлкен қауіпке ұшырайды, кейде ол ауру жануарлардан да жұғады.

Туберкулез қоғамдық денсаулық сақтау саласында аса маңызды мәселелердің бірі, сондықтан, бірлескен бүкіл қоғам және мамандардың іс-қимылы эпидемияға қарсы және клиникалық іс-шаралардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ауданымызда 2018 жылы 21 ақпанда «Туберкулез Сіздің биз-несіңізге қауіп төндірмейді» атты акциясы халыққа қызмет көрсету орталығы жəне Өтеген батыр кенті әмбебап базарында өтті. Бұл акцияда халыққа артериалды қан қысымын – 154 адам, қандағы қантты өлшеу – 251 адам, жылжымалы флюорограф – 146 адам, бой мен салмақ өлшемі – 110 адам халыққа қызмет көрсетті. «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының ғимаратында «Туберкулез Сіздің бизнесіңізге қауіп төндірмейді» дөңгелек үстел өткізілді. Бұл дөңгелек үстелде – директордың орынбасары АРПТД А.Акбаева, аудандық орталық аурухана директорының ұйымдастыру əдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Л.Сулейменова, Іле туберкулез ауруханасының бас дəрігері А. Мусаев, Қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Б. Абеуова тұрғындар және кәсіпкер арасында туберкулездің денсаулық сақтау саласында аса маңыздылығы түсіндірілді.

 

Автор: Л. СУЛЕЙМЕНОВА,  Іле аудандық орталық аурухана директорының ұйымдастыру əдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары
0

КОМАНДНО-ШТАБНЫЕ УЧЕНИЯ СПАСАТЕЛЕЙ «КӨКТЕМ-2017»

Алдыңғы ақпарат

СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ТЫҢҒЫЛЫҚТЫ ДАЙЫНДАЛУДАМЫЗ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *