ЖаңалықтарҚоғамРухани жаңғыруСпорт

ТУҒАН ЖЕРГЕ ТУЫҢДЫ ТІК

2018 жылдың 23 ақпаны күні Ащыбұлақ ауылдық округі, Жәпек батыр ауылы № 36 орта мектептің мәжіліс залында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру аясында және Астананың 20 жылдығына орай «Туған жерге туыңды тік» атты аудандық интегралды-тәжірибелік форумы өтті. Форумға округ әкімінің орынбасары Б.Иманбеков аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Ұ.Жарқынбек, ардагерлер кеңесінің төрайымы Г.Кулымбаева қатысты. Іс — шарада «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты кітап көрмесі, ғылыми жобалар, округіміздің спорттық жетістіктері, округте орналасқан мектептердің қол өнер көрмесі және Астананың 20 жылдығына орай макеттері қойылды. Сонымен қатар спорт залда Джиу-джитсу, бокс, қазақ күресі, таэквандо сияқты спорт түрлерінен көріністерін тамашалады. Форумда И.Қызайбеков «Туған жерім» туралы жыр шумақтарын, № 36 орта мектептің мұғалімі Ж.Омаргазина Ащыбұлақ ауылдық округінің спорт жетістіктері мен туристік бағыты туралы және № 36 орта мектептің мұғалімі Г.Жайлаубаева «Жәпек батыр Жетісудың көрнекті батыры» атты жобасын қорғады. Іс-шараны жоғары деңгейде өткізген № 36 орта мектептің ұжымына және округте орналасқан орта мектептердің басшыларына алғыс білдіреміз. Округ әкімінің орынбасары келесі эстафетаны Қараой ауылдық округіне табыс етті. Форум «Ауылым- әнім» атты концерттік бағдарламамен ұласты.
Ащыбұлақ ауылдық округінде спортты және туризмді дамыту, салауатты өмір салтын насихаттауға округіміздің жастары белсене ат салысуда және осы бағыттағы жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде.

 

0

БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ ӨТТІ

Алдыңғы ақпарат

СӘУЛЕТ ӨНЕРІНІҢ БІРЕГЕЙ ТУЫНДЫСЫ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *