Бес әлеуметтік бастама

ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯҒА БАСЫМДЫЛЫҚ

Ұлт көшбасшысы-Елбасы Н.Назарбаевтың қазан айындағы Жолдауы – қазақ көшбасшысының көрегендігін кезекті рет көрсетті. Бұрынғы Жолдау­ларында ол елді экономикалық және саяси тұрғыдан жаңғыртуға күш салған болса, енді Қазақстан азаматтарының тұрмыс-ахуалын арттыруды көздеген әлеуметтік шаралар жасау тұрғысындағы мақсаттарды белгілеп отыр. Осының өзімен Қазақстанның көшбасшысы мемлекеттік саясаттағы ең басты капитал – адам екендігіне көзі жеткен экономикалық және саяси жетілудің шыңынан көрінеді. Жолдауда атап көрсетіліп, Үкіметке тапсырма ретінде берілген – білім және денсаулық сақтау саласын жетілдіру, еңбекақыны көбейту, халық табысын арттыру, мемлекеттік қызмет көрсетулердің жақ­саруы – міне, адам капиталын инвестициялауға жасалған осы шаралардың бәрі қазақстандықтардың өмір сапасының артуына кепіл болары сөзсіз. Сонымен бірге Ұлт көшбасшысы-Елбасымыздың Жолдауының орындалуы экономикалық тетіктермен бекітілгені, нақты жоспарлардың белгіленгені және орындалуын қадағалайтын қажетті бақылау жүйесімен астасқанын атап өтуге тиіспін. Н. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауына қатысты үндеуі – қисынды қадам және оның ұлттық саясатты іске асыруға белсенді қатысуының көрінісі. Жолдауда отбасы мен жастар мәселесі, табыс табу деңгейі, жолдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, шағын бизнесті қолдау, әлеуметтік саланы дамыту, сот және құқық қорғау жүйелерін жаң­ғырту, ауыл шаруашылығы мен экология сияқты өзекті мәселелер қозғалған.
Осының бәрі көрсетілген Жолдау қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арт­тырудың жаһандық стратегиясын білдіреді деп нық сеніммен айтуға болады. Жолдауда қолдан келетін мүмкіндіктер туралы айтқан. Әсіресе, онда қызметтегі технологиялық жүйелік пен инфрақұрылымдық басқарудағы интеллектуалды жүйелер мәселелеріне баса назар аударылған. Бұл экономика үшін өте тиімді. Сонымен қатар экономиканы дамыту үшін табиғи ресурстарды басқару жолдарын қайта қарау маңызды екенін атап өткен. Бүгінде жаңартылатын энергия көздері әлемдегі электр энергиясы өнімінің төрттен бірін құрайды. Астанадағы ЭКСПО көрмесі кезінде мамандар 2050 жылы бұл көрсеткіш 80 пайызға жетеді деп болжанғандығын айтты. Қазақстанда 2030 жылға дейін жаңартылатын энергия көздерін 30 пайызға жеткізу көзделген. Елбасының айтуынша, кәсіпкерлер «жасыл экономикаға» көптеп инвестиция салулары керек. Сонымен қатар Елбасы Н. Назарбаевтың өңір әкімдеріне кіші және орта бизнестің қатысуымен утилизация мен тұрмыс қалдықтарын өңдеуді жүзеге асыру үшін қажетті жұмыстар атқаруды тапсырғанын ерекше атап өтуге болады. Бұдан бөлек, цифрлық теxнологиялар биліктің ашықтығын, яғни қабылданып жатқан шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етеді. Халық пікірталасқа қатысып, өз ұсыныстарын жасай алады. Мемлекеттік шешімдер қабылданғанда xалықтың пікірі ескеріледі. Мәселен, біздегі электронды үкімет — цифрлық дәуірдің бір көрінісі.

Г. ЕСТЕУСІЗОВА, аудандық экономика бөлімінің бастығы

0

ЭТОТ ДЕНЬ ПОБЕДЫ!

Алдыңғы ақпарат

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *