ЖаңалықтарҚоғамЦифрлы Қазақстан

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН БАҒДАРЛАМАСЫН» ДАМЫТУ • УАҚЫТ ТАЛАБЫ

 

Елбасымыз Н. Назарбаев өзінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Цифр-лық Қазақстан» бағдарламасы мен мемлекеттік органдардың нақты уақыт және жедел жауап беру режимінде азаматтардың ескертпелері мен ұсыныстарын есепке алу үшін жаңа технологияларды қолдануының маңыздылығын атап өтті.

Осы орайда Боралдай кенті мен ауылдық округтерде және мемлекеттік қызмет көрсетуші бөлімдерде «Өзіне-өзі қызмет көр-сету» бұрыштары жабдықталып тұрғындарға электронды қызмет алу мүмкіндіктерін қарастыру үшін жағдайлар жасалынуда.

Жақында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Б. Сеитов, жетекші маманы Д. Кезембаевтың аталған бұрыштардың жұмысымен танысу үшін Іле ауданында болды.

Боралдай кенті мен ауылдық округтерде және мемлекеттік қызмет көрсетуші бөлімдерде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының» жағдайымен танысып және тұрғындарға электронды қызмет алу үшін қарастырылған мүмкіндіктерді ішінара талдау жүргізді. Талдау жұмыстарының қорытындысы бойынша «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының» дұрыс жұмыс жасалуын техника-лық қамтамасыз ету, ХҚКО мамандарымен бірлесіп, тұрғындарға оқыту семинарларын өткізу және халық көп шоғырланған жерлерде мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізу туралы ұсыныстар айтты. Ауылдық округтердегі және бөлімдердегі мемлекеттік қызмет көрсету саласының мамандары және аудан әкімі аппаратының мамандарымен кездесу өтті.

Кездесуде сөз алған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет көрстеу бөлімінің бас маманы Б. Сеитов мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауына сәйкес, мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың жеке және заңды тұлғаларды, барлық салада қарым-қатынасын цифрландырудың маңыздылығы мен мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде адамның баруын қажет етпейтіндей етіп, қызметтерді толық электрондық форматқа көшіру мәселесіне тоқталды.

Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» жобасы аясында халықтың, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің цифр-лық сауаттылығын арттыру мақсатында мемлекеттік органның және ведомствоға бағынышты ұйымдардың (акционерлік қоғамдар, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар) барлық қызметшілерін электрондық цифрлық қолтаңбамен толық қамтамасыз етіп, электрондық форматтағы мемлекеттік қызметтерді тек қана «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуды қамтамасыз ету қажеттігі айтылды.

Кездесу барысында қатысушы тараптардың сұрақтарына жауаптар қайтарылып, бірлесіп жұмыстарды жандандыру мәселелері талқыланды.

 

С. ЕРБОЛАТҰЛЫ,

аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы

0

АДИ-НҰР ЕСІГІН АЙҚАРА АШТЫ

Алдыңғы ақпарат

КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ БИЗНЕС НЕГІЗДЕРІ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *