Білім және ғылым

ЦИФРЛЫ ҒАЛАМ БҰРЫШЫ АШЫЛДЫ

Апта ортасында Ащыбұлақ ауылдық округі, Жәпек батыр ауылындағы №36 орта мектебінде IT-сыныбы ашылды.
IT-cыныптың тұсаукесеріне аудандық мәслихат төрайымы Р. Абилова, аудандық білім басқармасының орынбасары Г.Мақсұтова, қатысты.
IT-сыныпқ а кірмес бұрын құрметті қонақтар 36 орта мектеп оқушылары әзірлеген концерттік бағдарламаны тамашалап, сөз сөйледі.
Роза Михайлқызы мектеп ұжымына оқуда тек сәттілік тіледі. Өз сөзінде мектепке келгендегі мақсатына, яғни аудан көлемінде ашылып жатқан IT-сыныптары жөнінде айтып кетті.
– Аудан мектептерінде IT-сыныптарын көптеп ашамыз деп жоспарлап отырмыз. Бұл «Цифрлы Қазақстан» жобасы аясында жүзеге асырылып отырған «Нұр Отан» партиясының жаңа жобасы. Бұл жобалар әрине, біздің ата-аналардың қолдауынсыз жүрмейді. Сондықтан жастарды еңбекке, тәрбиеге, ғылымға, еліміздің дамуына үлес қосуға шақырамыз. Атқарылып жатқан іс-шаралардан сіздер хабардар болуларыңыз керек, – деді.
№36 орта мектептің директоры Исабек Қызайбекұлы IT-сыныптардың ашылуына себепкер болып отырған «Нұр Отан» партиясына алғысын айтып, IT-сыныппен таныс-тырды. Сыныпта компьютерлермен қатар, робото-техника да бар. Балалар 3D Priting бағдарламасымен жұмыс істеп үйренуде. 10 және 8 сынып оқушылары Дана Құсайын мен Қайрат Ерасыл келген қонақтарға өздері меңгерген бағдарламасы бойынша құрастырған ойындарын таныстырды.
Дәл осындай «Нұр Отан» партиясының мемлекеттік және жергілікті органдармен бірлесуі арқасында аудан көлемінде алдағы үш жылда бағдарламалау мен робототехника негіздерін тереңірек тегін оқытатын ІТ-сыныптар ашылатын болады.

Б. ЧОЙБАСОВ

0

ПАМЯТЬ, В МРАМОР ОБЛАЧЕННАЯ

Алдыңғы ақпарат

АУЫЛ АҒАСЫ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *