ЖаңалықтарҚоғамЦифрлы Қазақстан

ЦИФРЛАНДЫРУДЫҢ НӘТИЖЕСІ ҚУАНЫШҚА ТОЛЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы мен мемлекеттік органдардың нақты уақыт және жедел жауап беру режимінде азаматтардың ескертпелері мен ұсыныстарын есепке алу үшін жаңа технологияларды қолданылуының маңыздылығын атап өтті. Бұл бағытта мемлекеттік қызметтерді көрсетуді электрондық нысанға аудару және мемлекетті цифрландыру айрықша орынға ие. Аталған бағыттар бойынша аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында көптеген шаралар жүзеге асырылуда.

Қазіргі таңда, халыққа көрсетілетін қызметтермен байланысты мәселелер көкейтесті болып табылады. Аталмыш мәселелерді шешу бір мезетте бірнеше белестерді еңсеруге мүмкіндік береді. Онда IT-технология – халықтың өмір сүру сапасын және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Елбасы бастамасымен елімізде жаппай алға жылжып жатқан «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында сандық форматқа көшу жұмыстары өңірімізде өз жемісін беруде

Сандық технология – сананың жаңғыруы жолында, яғни қолданыста өрісін кеңейтуде. Бірнеше жыл бойы елімізде Электронды үкімет порталы жұмыс істейді. Бұл мемлекеттік қызмет көрсетудің бірыңғай тетігі деуге болады. Оның көмегі арқасында тұрғылықты жер бойынша тіркелу немесе әлеуметтік жәрдемақы алу жөнінде құжаттар толтыру жолдары жеңілдетілген.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының міндеті – 2021 жылға қарай мемлекеттік қызметтердің 80 пайызын сандық форматқа қамтамасыз ету. Бағдарламаның басым бағыттарының бірі қоғамның барлық салаларында сандық қызметтерді кеңінен енгізу болып табылады.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында жаңа туған нәрестелерді тіркеуге арналған пилоттық жобаның іске қосылуы көптің талқысына түсіп те үлгерді. Енді сіз, баланың туылуы жөнінде тіркеуді автоматты түрде жүзеге асыра аласыз. Сәби дүниеге келе салысымен ата-аналар мемлекеттік қызметтің арқасында SMS-хабарламалар алады. Тіпті, телефон арқылы баланың атын қойып, туған кезде берілетін жәрдемақыны алуға және балабақша кезегіне қоюға да болады. Өтініш беруші, тек туу туралы куәлікті дайын болғанда алуға немесе үйге жеткізуге тапсырыс беруі тиіс

Электронды портал арқылы кез келген жұмысыңызды оңтайландыра аласыз. Сонымен қатар жыл соңына дейін 4 өмірлік жағдай бойынша 14 проактивті көрсетілетін қызмет іске қосылады.

Сондай-ақ ұялы телефон нөміріңізді тіркеу арқылы 30 мемлекеттік қызметті бір реттік парольмен ала аласыз. Мұны кез келген адам өз еркімен жасай алады. Тіпті болмаса, ХҚКО-ға келіп өз-өзіне қызмет көрсету секторында, кеңесшілердің көмегіне қызмет алуға болады.

А. МҰҢАЙТБАСОВА, ХҚКО басшысы

0

ҒАСЫР ЖАҢАЛЫҒЫ – АСТАНА

Алдыңғы ақпарат

ЕЛ ҚАСИЕТІ – ЕР ҚАСИЕТІ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *