Мәдениет

Тони Меммел: Мені бір адам ғана тыңдаса да ол үшін ән айтуға дайынмын

Танымал американдық әнші, бірнеше әннің авторы, композитор Тони Меммел мен оның тобы Талдықорған қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін тегін концерт өткізді.
Тони Меммел сол білексіз дүниеге келген, мүмкіндігі шектеулі жандардың бірі. Алайдатағдыр тауқыметіне бой алдырмай, алға қарай ұмытылып гитарада ойнауды үйренген. Тіпті, 2013 жылы Wisconsin Area Music Industry премясының бас жүлдегері атанған.
Тони Меммел 1986 жылы Техас штатының Нэшвилл қаласында дүниеге келген. Балалық шағынан шығармашылыққа жақын болған ол, 12 жасында гитараға деген ықыласы артады. Алайда ата-анасының оған гитара әперуге мүмкіндіктері болмағанына қарамастан Тони Меммел өз арманына шектеу қоймаған. Талпынысының арқасында гитараны теренінен зерттеп, жинаған қаржысына алынған гитарада ойнауды өз еркімен үйренген.
Бүгіндетанымал музыкант 160-тан астам ән мен 6 альбомның авторы.Оның өмірге деген құштарлығы, талпынысы мен табандылығы тағдырдың жазуымен мүмкіндігі шектеулі жан атанғандар үшін үлгі бола білді.


«Біз көптеген американдық топтардың ішенен іріктеліп, Қазақстан мен Тәжікстанға концерт беруге келгеніміз үшін қуаныштымыз. Маған сіздердің қонақжайлылықтарыңыз қатты ұнады. Көрермендер мені жылы қабақпен қабылдағандарына қуаныштымын. Менің әнімді тыңдауға келетін әрбір жан үшін шын ықыласпен, кез келген уақытта ән салуға дайынмын. Мен 35 мың көрермені бар жерде, ауруханада жатқан бір кісіге де ән салған кезім болған. Мен үшін көрермен саны емес, шынайы көңілі маңызды», — деді Тони Меммел.
Айта кету керек, Тони Мемел және оның тобы Қазақстанға АҚШ елшілігінің шақыруымен келген. Шара соңында танымал әншіге Ішкі саясаь басқармасының басшысы Рустам Алиұлы қазақтың шапанын жауып, құрмет білдірді.

Балжан Жұманбекова

0

ФУТБОЛ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Алдыңғы ақпарат

Азаматтарға арналған үкімет «100 нақыт қадам – Ұлт жоспарының» 100-ші қадамын толық орындады

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *