Қоғам

Терроризмге қарсы комиссиясының кезекті жиналысы өткізілді

2019 жылдың 8 сәуір күні аудан әкімдігінде аудан әкімі Б.Қарасаевтің төрағалығымен арнайы құқық қорғау органдарының басшылары және мемлекеттік мекемелердің басшыларының қатысуымен терроризмге қарсы комиссиясының кезекті жиналысы өткізілді.

Отырыс барысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына тартылатын үкіметтік емес ұйымдардың және деструктивті діни ағымдардың идеологиясына халықтың иммунитеттін қалыптастырудағы бұқаралық ақпарат құралдарының ықпал ету дәрежесі, сондай-ақ мемлекеттің терроризмге қарсы жүргізіп отырған саясатын халыққа жеткізу жұмыстарының тиімділігі туралы мәселелер қарастырылды.

Сонымен қатар террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жағдайы және нысандарды заң шеңберінде талаптарға сәйкестендірудің маңыздылығы бойынша атқарылып жатқан іс шаралардың тиімділігі туралы аудандық полиция басқармасының орынбасары Тегенбаев Асхат Жайықұлы баяндама жасады.

Отырыс қорытындысы бойынша комиссия төрағасы тиісті мемелекеттік органдарға бір қатар хаттамалық шешімдермен нақты тапсырмалар берілді.

Аудан әкімдігі жанындағы

терроризмге қарсы комиссия аппараты.

0

2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ негізгі көрсеткіштері

Алдыңғы ақпарат

Алматы облысында іскер әйелдер өз тәжірибиелерімен бөлісті

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *