ЖаңалықтарҚоғам

ТЕМІРЖОЛДА САҚ БОЛ!

Өтеген батыр кенті №7 орта мектепте Алматы жол дистанциясы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша инженер Е.Несіпбеков пен Алматы жол дистанциялары, Кәсіподақ комитетінің төрағасы М. Бурумбаев Іле ауданындағы теміржолға жақын орналасқан елді мекендерде жергілікті желілік телім инспекторларымен бірлесіп, кент тұрғындары арасында профилактикалық түсінік жұмыстарын жүргізді.
Профилактикалық жұмыстың басты мақсаты теміржол торабынан арнайы белгіленген жерлермен өту және жақын орналасқан тұрғындар малын қараусыз қалдырмауы туралы ескертпелермен таныстыру болды. Мамандарының айтуынша, балалардың кезекті жазғы демалысы кезінде теміржол бойында ойнауы көп кездеседі.
Оқыс жағдайларды болдырмау үшін ірілендіріл-ген Алматы облысы аудандары теміржолдары аумағында көптеген ескертпе белгілер орнатылған. «Қызмет жолы», «Сақ болыңыз!» «Өміріңізге қауіпті!» «Теміржолдан белгіленген арнайы өткел жолдан өтіңіз!», «Берегись поезда!», «Железная дорога – зона повышенной опасности!», «Уважаемые родители! Не оставляйте детей в зоне повышенной опасности!» «Вблизи поезда держите детей за руки» делінген баннер-тақтайшалар бар. Бұл арнайы белгілер мен ескертпелер теміржол торабы қауіпті аймақ екендігі және теміржолдан өткен уақытта тек қана арнайы белгіленген жерлермен жүргенде адам өміріне қауіп төнбейтіндігі туралы ескертілген.
Соңғы жылдары материалдың ұрлануын, поездардың мал басуын, адамдардың жазатайым оқиғаға ұшырауын және теміржолдарға бөгде заттардың қойылуын болдырмау үшін «Балалардың теміржолда қауіпсіздік ережелерін сақтауы» тақырыбына байқау өткізілуде. Мамандарың айтуынша, дистанция телім бастықтары ай сайын теміржол торабына жақын орналасқан барлық елді мекендерде түсінік жұмыстарын жүргізіп отырады.
«Қазақстан темір жолы» үшін жолаушылардың тек жайлылығы ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздігі де алдыңғы мақсат-міндет болып есептеледі. Компанияның қызметкерлері жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша түрлі алдын алу шараларын қолға алған. Дегенмен, тұрғындар теміржол маңында өте сақ болу керек екендігін әлі де ұқпағанға ұқсайды.
Осыған орай, аудандық теміржол дистанциясы мамандары поездардың қозғалысын қауіпсіз ету мақсатында жаяу жолаушыларға, мал иелеріне, көлік жүргізушілеріне үндеу салады. Теміржол маңында мал жаю, өткел арқылы мал айдау ережелерін бұзбау, теміржол өткелінде жол қозғалыс ережесін сақтап, аса сақ болу сұралады.

0

Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу

Алдыңғы ақпарат

БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ ӨТТІ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *