ЖаңалықтарҚоғам

ТЕМІРЖОЛ ҚАУІПТІ АЙМАҚ

SONY DSC

 

SONY DSC

Алматы облысы Іле ауданы арқылы 2012 жылдан бастап, Алматы – Алтынкөл жаңа теміржол бағыты ашылды. Жаңа бағыттағы станциялар аралығындағы теміржол бойында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бұзу фактілер орын алуда, соның ішінде теміржолдардың бөлінген жолағында поездардың мал басу фактілері азаяр емес. Осы жауапсыздықты жою мақсатымен үнемі темір жол бойындағы және оған жақын елді мекендерде темір жол дистанциясының мамандары мен желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері, «Теміржол бөлігінің жолағында мал бағу» ережелері «Теміржол қауіпті аймақ» туралы үгіт-насихат, тәрбие беретін түсіндіру іс-шарасы жүргізілуде. Малдың теміржол бөлігіне жиі шығуына байланысты жүк және жолаушылар поездардың кідіріп, график кестесінен шығуына апарады. Поездардың мерзімінен кеш қалмай, белгіленген уақытта межелі жеріне жетуіне, олардың бір ретпен қозғалуы қажет. Жылқы мен ірі-қара малдың поезға басылуы жылжымалы құрам жүрісіне қауіп төндіріп, кідірісін тудырады. Ал поездардың шұғыл тоқтауы, вагонда келе жатқан адамдар мен жүктердің соқтығысуына немесе жарақат алуы, және жүк құрамының аударылуына әкеліп соғуы мүмкін. Жылқы мен сиыр, ұсақ-тұяқ малдардың иелері таң атысымен өріске шығарып жібереді, қараусыз мал теміржол бөлігіне шығады. Бұл мал иелерінің жауапсыздығы. Поездардың шұғыл тоқтауы бойынша Алтынкөл – Жетіген станцияла-рының аралығында 5-факті орын алған, соның ішінде 3-факті Жетіген станциясында анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің төмендегі баптары бойынша:

559-бап, 1 б – Теміржол арқылы ат-арба көлігімен өту және жүк артылған, мініс малды және табынды айдап өту, теміржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

607-бап, 1 б – теміржол өтпелерінен тыс жерден  теміржолды кесіп өту, жабық тұрған немесе жабылып жатқан шлагбаумнан не бағдаршамның немесе өтпе кезекшісінің тыйым салатын сигналы берілген кезде теміржол өтпелеріне шығу, сол сияқты теміржол өтпесінде тоқтату немесе тоқтап тұру – 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Теміржолдардың бөлінген жолағында мал бағу ережесін сақтаңыздар. Теміржол бөлігінде малдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, теміржолдардың бөлінген жолағында әр мал айдаушы және мал бағушы адам төмендегі Ережені сөзсіз орындауға міндетті:

  1. Теміржолдардың бөлінген жолағында жол өткелі және арнайы мал айдайтын өтпесі болмаған жерлерден мал айдауға қатаң тыйым салынады.
  2. Мал бағушылар және мал айдаушылар теміржолдардың бөлінген жолағында мал айдайтын өтпеліге жақындағанда аса мұқияттылық көрсетуге міндетті.
  3. Барлық мал айдаушы және мал бағушы адамдар мал айдайтын өтпелдерден өту тәртібін сақтауға міндетті.
  4. Теміржолдардың бөлінген жолағында мал айдайтын өтпелінен көп мал айдап өтерде (500 бастан артық ірі-қара мал) мал айдаушы және бағушы адамдар міндетті түрде алдын ала жол шеберіне ескертуге міндетті.
  5. Теміржолдардың бөлінген жолағында 300 метр қашықтықта байлауды малды теміржолдар-дың бөлінген жолағынан 2000 метр қашықтықта, тек қана үнемі малды қадағалап бағуға болады.

 

Е. АБДУЛЛАЕВ, Алтынкөл ст. ЖПб ӘПТ инспекторы, полиция аға лейтенанты

0

ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНІҢ ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРІ БАСТАЛДЫ

Алдыңғы ақпарат

«ВРЕМЯ БОЯТЬСЯ ПРОШЛО!»– говорит предприниматель Бакыт Ботояров

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *