ЖаңалықтарҚоғамМәдениет

ТЕГЕУРІНДІ ТІЛ, МОЛ МҮМКІНДІКТЕР

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтарда жарияланған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы қалың жұрттың қолдауына ие болды. Стратегиялық тың құжатқа белгілі ғалымдар, саясаттанушылар, экономистер, тарихшылар, жазушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері өз пікірлерін білдіруде.

Жолдауда берілген адами капиталды дамытудың келесі жолы – техникалық білім беру туралы сөз қозғады: «Дарынды инженер-өнертапқыштарды, компьютер мамандарын тәр-биелеу үшін арнайы жағдайлар керек. Ол үшін жастарымыз бала кезінен-ақ техника саласы құрал-жабдықтарының, ақпараттық және цифрлы технологиялардың тілін білуі тиіс», – дейді ол.

Тілге қатысты қалыптасып қалған күрделі мәселені шешу мақсатында Мемлекет басшысы нақты әрі жүйелі міндеттерді белгіледі. Қазақстан азаматтарының болашағы қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік білуімен тығыз байланысты. Бұл мақсатқа Тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап ұмтылып келеміз. Латын қаріпіне көшу арқылы дүниежүзілік ақпарат кеңістігіне қосылмақпыз. Президентіміздің айтуынша, мұндай қадам халықаралық терминологияда қалыптасып қалған сөздерді аударудағы мәселені шешуге көмектеседі. 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшу мақсатында атқарылатын күрделі жұмыстар білім беру саласының барлық сатыларынан орын алмақ. Бұл реформаның жетістігі, сөзсіз, қоғамдық сананың деңгейі мен қалың жұрттың белсенділігіне тәуелді. Тіл – халықтың алтын діңгегі, ұлт даналығы мен мәдениетінің асыл қазынасы. Ал оны сын-қатерден сақтап, кейінгі ұрпаққа аман жеткізу – біздің мойнымызда.

Қоғамдық сананы жаңғырту мен ұлт әлеуетін арттыруда рухани жаңғырудың, «Мәңгілік ел» құндылықтарын ұлықтаудың, мәдениетіміз бен идеологиямызды дамытудың ықпалы зор екенін айтады. Елбасы: «Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс», – деп мақсатымызды айқындады. Мемлекет басшысы Төртінші өнеркәсіптік революцияны сын-тегеуріндердің ғана емес, мүмкіндіктердің де ошағы атайтыны да сондықтан. Мұның бәрі ұлттың әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Осы тұста Елбасының көрегендігі, дәлірек айтқанда, еліміздің, күллі адамзат өркениетінің даму ырғағын таба білген қасиеті таң қалдырмай қоймайды. Қазақстан Төртінші өндірістік революцияның терең ұғынып, оны қолдау көрсеткен жағдайда ғана ең дамыған елдердің қатарына қосыла алады. Оны жақсы білетін Елбасы өз Жолдауында батыл да парасатты шараларды ұсынады. Жолдауда республика тұрғындары құқығы мен мүддесін қорғау жөніндегі Үкіметтің орындайтын міндеттері белгіленген. Өндірістік жаңғыртудың күрделі үдерістері мен адамзат өміріндегі ірі өзгерістер ке-зеңінде бұл сөзсіз қуантарлық жайт. Себебі, Үкімет пен әкімдіктер үшін қауіп-қатердің алдын алу саясаты қашан да маңызды екеніне халық сенімді болуы тиіс.

Президент ойларының нақтылығы осынау күрделі кезеңде өмір сүріп жатқан халықтың көңіліне сенімділік ұялататынын ерекше белгіледі.

Б. КАРШАЛОВА,

Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының Іле аудандық филиалының директоры

0

ЖЕТІСУ ЖЕРІ – ҰЛТТАР ДОСТЫҒЫНЫҢ АЙНАСЫ

Алдыңғы ақпарат

ЫНТЫМАҒЫ ЖЫРМЕН ТЕРБЕЛГЕН ЕЛ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *