ЖаңалықтарҚоғамРухани жаңғыру

«ӨТЕГЕН БАТЫР» САЯБАҒЫН ҚҰРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ!

Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында «Туған жер» бағдарламасына сәйкес көгалдандыру, үйілген қоқыстарды жинау, өзен аңғарларын тазарту секілді жұмыстар атқарылып жатыр. Іле ауданының 90 жылдық мерейтойына дайындық басталып кетті.

Бүгін Алматы-Өскемен республикалық тас жолы бойында «Өтеген батыр» саябағын құру жұмыстары жүргізілді. Сенбілік жұмыс күнінде аудандағы қызметкерлер жиналып, «Өтеген батыр» саябағының құрылуына өз үлестерін тигізді. Қажетті құралдармен қамтылған қызметкерлер белсенді түрде аумақты жапырақтар мен кепкен бұталардан тазартып, жерлерді тегістеумен айналысты.

Ондағы тазалық жұмыстарын оңтайлы жүргізу үшін техникалық құрылғыларды, сондай-ақ жүк көліктері мен тракторларды да іске қостық. Жасыл желек адам жанына жайлылық сыйлайды. Сол себепті, Іле ауданы тұрғындарына жайлы болу үшін жерді тұтас көгалдандыруды ұйғардық. Әзірге тек жерді тұтастай тегістеп, қоқыстар мен ірі тастардан аумақты тазартып алуды көздеп отырмыз. Елдің жүруіне барлық жағдайды жасаймыз. 4 мамыр күні саябаққа тас орнатамыз. Содан кейін барлық жұмыстар өз жалғасын табады. Тұрғындардың көңілінен шығады деген ойдамыз!

0

МЕДИАЦИЯ В ИЛИЙСКОМ РАЙОНЕ

Алдыңғы ақпарат

ҚЫМБАТТЫ ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *