ЖаңалықтарҚоғамМерекелер

ӨТЕГЕН БАТЫР КЕНТІНДЕГІ М.МАҚАТАЕВ АТЫНДАҒЫ №13 ОРТА МЕКТЕПТЕ АҚИЫҚ АҚЫННЫҢ МҮСІНІ БЕЙНЕЛЕНГЕН ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ

Аудан әкімі Қыдыркелді Өміржанұлының тікелей қолдауымен өткен жылы М. Мақатаев атындағы №13 орта мектеп күрделі жөндеуден өтсе, биыл Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында және «Туған жер» бағдарламасын іске асыру мақсатында мектеп ауласына тікелей Қыдыркелді Өміржанұлының бастамасымен ескерткіш орнатылды.
«Халқы барда, Мұқағали мәңгі тірі …» атты шара Ұлы ақын М.Мақатаев ескерткішінің ашылу рәсіміне арналды.

М. Мақатаев атындағы қасиеттіқара шаңыраққа еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан зиялы қауым өкілдері, өнер қайраткерлері, ақын-жазушылар, ақынның туып-өскен ауылының және біздің ауданның абыройлы, құрметті азаматтары, ардагер ұстаздар және бүгінде әр саланың дамуына еңбек етіп жүрген өз ісінің мамандары келді. Іле ауданының әкімі Қыдыркелді Өміржанұлы Медеуов, Халық ақыны, сазгер Кенен Әзірбаевтың қызы, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Іле ауданының құрметті азаматшасы Төрткен Кененқызы, ақиық ақынның ұлы Мақатаев Жұлдыз, Нарынқол ауданы, Қарасаз ауылындағы «Мұқағали» мұражайының директоры Дастан Манкеев ескерткішті салтанатты түрде ашты. Ескерткіштің ашылу рәсімінен кейін Тәуелсіздік шежіресіне арналған «Даңқ» ерлік бөлмесіне саяхат жасалды. Келген қонақтар «Мәңгілік Ел — ұлттық құндылықтарымыз», «Астанаға 20 жыл» атты көрмелерді тамашалады. Мектеп оқушылары «Мұқағали» мұражайын таныстырып, бастауыш сынып оқушылары өлең шумақтарын оқыды. Жиналған жұрт Мұқағали атамыздың жырымен сусындап қайтты. Іс-шараның соңында Мұқағали рухына арнап ас берді.
Іле ауданының орталығы болып табылатын, 55 жылдық тарихы бар Өтеген батыр кентін көп ұлтты аймақ деп айтуға болады. Алдыңғы толқын ағалар-ұлттар арасындағы бірегейлікті сақтай отырып, ұлттық мәдениетті дамыту барысында ұрпаққа сабақ болатын осындай өнегелі істерді атқаруда.
Мұқағали бабамыздың артында қалған ұлы мұралары бәрімізге жігер мен қайрат берсін! Артындағы жастардың шабыты мен өнеріне қуат сыйлап, ел іргесі мықты болсын!

0

ҰЛЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҮЛКЕН МОНУМЕНТІ

Алдыңғы ақпарат

ЕРЛІКТЕРІҢ, ЕҢБЕКТЕРІҢ МӘҢГІ ӨШПЕЙДІ…

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *