ЖаңалықтарҚоғам

ТАРИХЫМЫЗДЫҢ АҚТАҢДАҒЫ ЕСІМІЗДЕ

Боралдай кентіндегі «Қандысай» мемориалдық ескерткіші алдында 31 мамыр – қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған қаралы жиын өткізілді. Қаралы жиынға Іле ауданы мен Алатау аудандары әкімінің орынбасарлары, округ әкімдері, ақсақалдар қоғамының, әйелдер кеңесінің өкілдірі мен ауыл белсенділері қатысты. Жиналған қауым қуғын-сүргін құрбандарын 1 минут еске алу рәсімімен жиынды бастады. Алғашқы сөзді аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Қожабекұлы бастады. Ол өз сөзінде:

– Құрметті қаралы жиынға қатысушылар, арда арыстарымызды жоқтаушылар! Қазақстан бойынша жалпы 130 мыңдай адам қуғын-сүргінге ұшырап, 25 мыңнан астам адам атылған. Ең өкініштісі, сол адамдардың қай жерде жерленгені туралы ешқандай дерек қолымызда жоқ. Білетініміз – жаппай жерленгендер бар. Қандысайда жерленген 25-ші ақпан күні атылған 39 адам. Соның ішінде Нығметолла Сырғабеков, Сәкен Сейфуллин, Жанайдар Сәдуақасов, Құдайберген Жұбанов, Темірбек Жүргенов секілді қазақтың ұлы тұлғалары бар. Ендеше осы арыстарымызды қайғыра еске алайық, – деді.

Одан кейін әкесі Грузияда қуғынға ұшырап, сол жылдары жазықсыз атылып кеткені жайлы, Алмас Гусеинова Алиxановна өз естелігімен бөлісті. Комсомол ауылының тұрғыны Алмас апа, келер ұрпақтың басына қаралы күн тумасын деген ниетте екенін жеткізді.

31 мамыр күні қуғын-сүргін құрбандарын және «ашаршылық» атты зұлматта шейіт болғын боздақтарымызды ел болып еске алуды дәстүрге айналдырып келеміз. Міне, бүгін осы бір қаралы оқиғада құрбан болған азаматтарымызды ұрпақтары ұмытпай, ерлік істерін әрқашан еске алуда. Саяси қуғын-сүргін құрбаны болған бабаларымыздың туысқандары мен аудан азаматтары «Қандысай» мемориалдық ескерткіштің алдына гүл шоқтарын қойып, естелік суретке түсті.

 

Бағдат ЧОЙБАСОВ

0

ПАМЯТНИК В ЖАНАЛЫКЕ ЕСТЬ.

Алдыңғы ақпарат

ЗАМАНҒА ЛАЙЫҚТЫ ДАМУ ЖОЛЫ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *