ҚоғамҰлы даланың жеті қыры

ТАРИХТЫ ТАНУ — ЕЛДІ ТАНУ

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында әрбір азамат туған жерінің тарихын білуге, құндылықтарын қастерлеп, дамуына өз үлесін қосу қажет деген міндетті қойып отыр. Кез келген халық, оның ұрпағы өзінің тарихын, адамзат дамуына қосқан технологиялық, инновациялық үлесі туралы хабардар болуы тиіс. Елбасы өзінің мәні мен маңызы зор мақаласында қазақ халқының тағылымды тарихын тұтастай қалпында қабылдап, қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан таразылауға шақырады. Қазақ даласындағы мəдени-әдеби-тарихи жетістіктеріміздің баяғы заманнан бүгінге дейінгі шоғыры кең-байтақ өлкемізде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралғандығы жайында ой қозғайды. Мақалада кейінгі жылдары табылған тарихи жəдігерлеріміздің өз заманында ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін айғақтай отырып, Ұлы даланың тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға мүмкіндік беретіндігі айтылған. Ерекше ескеретін жайт, Елбасы бұл мақаласында Ұлы даланың тарихына құрметпен қарауға және қазақ даласын мекен еткен халықтардың қоғамы, дәуірі, тұрмысы туралы терең толғанып, ұлттық тарихымыз бен мәдени мұраларымыздың тым ертеден басталатындығын бар қырынан бағамдап, ұлы дала өркениетінің мәдени және тарихи мұрасын зерттеп, зерделеуге шақырады. Қазақтың ұлы даласы алуан металдардың бай жері, металлургия пайда болған, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары алынған ірі кен орындарының бірі. Елбасы мақаласында жеріміздің осындай жетістіктері бүгінде Қазақстанның Орталық, Солтүстік жəне Шығыс аймақтарындағы тау-кен өндіріс ошақтарында жаңа, берік металдармен өндіріліп, олардың жедел технологиямен ежелгі замандардан бастау алған дала өркениеті технологиялық тұрғыдан қаншалықты қарқынды дамығандығы туралы әділ атап көрсетеді.
Тарихқа жүгінсек, қазақтың мәдениеті сақ, ғұн тайпаларының мәдениеті негізінде жалғасын тапты. Қазақтың қазақ болып қалыптасуы, тұтасып бірыңғай халық болып даралануы оның өзіне дейінгі әлеуметтік-тарихи тәжірибені санасына орнықтырып, тұрмыс-тіршілігінде «шикізатты – өнімге, өнімді – экономикаға, ал экономиканы – табысқа» айналдырып пайдалана білуі арқасында іске асты.
ХХІ ғасырдағы қазақ тарихында ерекше орны бар тарихи деректермен негізделген ең көкейкесті мәселерінің бірі – Түркі əлемінің алтын бесігі саналған Ұлы дала төсінде түркі мемлекеттерінің тарихына зейін қойған. Шын мәнінде ұзақ уақыт бойы орта ғасырдағы Еуразияның Ұлы кіндігі болып табылған Қазақстанның экономикалық, саяси жəне мəдени өмірінде өзінің өшпес ізін қалдырған қазақ жерін мекен еткен түркілердің Ұлы далада көшпелі жəне отырықшы өркениеттің өзіндік өрнегін қалыптастырды. Ұлы дала тарихында өнер мен ғылымның жəне əлемдік сауданың орталығын орнатып, өркениетті қалалардың бой көтеруіне жол ашқандығы айтылған. Осыған орай, ұлы ойшылымыз Əбу Насыр Əл-Фарабиді өмірге әкелген Отырар қаласы өркениеттің ұлы мекен екені тарихтан айғақ. Елбасы Түркістанды дамытуды басты назарға алып, киелі жердің әдеби-мәдени-рухани қасиетті мұрасын өте ыждағаттылықпен қайта қарап, терең зерттеуді қажет ететіндігіне мән берген мақаласында кемел ойлы көрегендік танытқан озық ойларымен халықтың санасын рухтандырады. Түркі әлеміне танымы терең, қазақ елінің рухани астанасы Түркістан қаласының тарихына зер салсақ, рухани көшбасшымыз Қожа Ахмет Яссауидің осы қалада өмір сүріп, ілім таратқан ғұмыры дәуір шындығымен үндесіп жатқандығын көруге болады. Елбасы мақаласы Ұлы далада өмір сүрген бүгінгі халықтың адамзат өркениетіне өлшеусіз үлес қосқан өр тұлғалардың ұрпағы екендігін және дамуға тың серпін берген мәдениетінің жаңа бағыттарын анықтап, оны жүзеге асыруда ғылымның соңы жетістіктерімен іске асыруға назар аударған.

Қ. ДҮЙСЕНБАЕВ,
№13 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі

0

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – МАҢЫЗДЫ

Алдыңғы ақпарат

РАЗЪЯСНЕНИЕ ПОРЯДКА УПЛАТЫ ШТРАФА ЗА СОВЕРШЕННОЕ АДМИНИСТРАТИВНОЕ ПРАВОНАРУШЕНИЕ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *