ЖаңалықтарҚоғам

ТАРИХИ ӨРЛЕУ БАСТАУЫ

2018 жылғы 10 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. 2017 жылы еліміздің 3-ші жаңғыруы болса, биылғы 2018 жылы – мемлекетіміз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керектігі басты мақсатымыз екені белгіленіп отыр. Бұл Жолдауда қарқынды даму, тарихи өрлеу жолындағы еліміздің 10 басым бағыттары нақты айқындалып, оның жүзеге асырылуы кезек күттірмес маңызды екені айтылды. Жолдаудың жетінші бағытында – адами капитал-жаңғыру негізі жайлы айтылған. Онда білім берудің жаңа сапасы, латын әліпбиіне көшу мәселесі, цифрлык білім беру ресурстарын дамыту, үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт бойынша атқарылар міндеттер, сапалы жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандырудың әділетті жүйесі жайлы маңызды мәселелер көтеріліп отыр. Елбасы Жолдауы – қазіргі қоғам үрдісінен қалмай, еліміздің қарқынды дамуын ілгерілету үшін маңызы орасан зор екенін түсінеміз. Бәріміз Жолдауды талқылап, халық арасында Жолдауда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру керектігі жайлы түсіндіру, насихаттау жұмыстарын барынша белсенді жүргізуіміз керек.

Е. ТҰРЫМБЕТОВ, 
«Нұр Отан» партиясы Іле аудандық партия филиалы төрағасының 
бірінші орынбасары

0

ПРОСЛАВИЛ СВОЙ КЛУБ

Алдыңғы ақпарат

АДАМ КАПИТАЛЫ – БІЛІММЕН ӨЛШЕНЕДІ

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *