Жаңалықтар

Талдықорғанның басты көшесіне Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді


Күні кеше ғана тағайындалған жаңа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысы бойынша, Алматы облысының орталық қаласының басты көшесіне Қазақстанның тұңғыш президенті, «Халық қаһарманы» атағының иегері Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді, — хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Талдықорған қаласының ең ұзын әрі басты көшесі бұрын «Тәуелсіздік » деп аталған. Оның жалпы ұзындығы 6,8 км, ені 16-18 м. Көше қаланың бір шетінен екінші шетіне дейін жалғасады. Оның бойында қаланың ең көрікті нысандарымен тарихи ескеркіштері орналасқан.

Атап айтар болсақ, қазақ билеріне арналған «Үш ата» ескерткіші, қазақтың белгілі ақын-жазушысы Ғали Ормановтың бюсті, қазақ батыры Қаракерей Қабанбайдың ескерткіші және тағы да басқа еркеткіштер. Ал ең көрікті нысандары: Орталық саябақ, «аквапарк» демалыс орны, І.Жансүгіров атындағы университет, 5 колледж, 2 орта мектеп, орталық алаң, мәдениет сарайы, мұражай және т.б.

Меруерт МАХМҰТЖАН

0

“Nauryz” is translated from Farsi as “new day”

Алдыңғы ақпарат

В Талдыкоргане назовут улицу в честь Первого Президента

Келесі ақпарат

Оқи отырыңыз...

Пікірлер

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *